Главная /
Объявления
11.02.2022 РhD дәрежесін алу үшін А.Б. Искакованың диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 8D015 - Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша педагогтарды даярлау (6D010900/8D01501 - Математика, 6D011000/8D01504 - Физика)» бағыты бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте «6D011000 - Физика» мамандығы бойынша ізденуші Искакова Анаргуль Батырбаевнаның «Жоғары оқу орнында физика курсын техникалық мамандықтарға оқыту әдістемесі». тақырыбындағы диссертациялық жұмысы қорғалады.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.
Қорғау тілі - қазақша.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕРІ: Қозыбай Анарбек Қозыбайұлы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан). Мамбетакунов Эсенбек Мамбетакунович - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті (Бішкек қ., Қырғызстан).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Нуркасымова Сауле Нуркасымовна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан (мамандық шифры: 13.00.02) Уалиханова Баян Сапарбекқызы - PhD докторы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан (мамандық шифры: 6D011000 - Физика).
Диссертацияны қорғау 2022 жылы 11 наурызда сағат 13.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтеді. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, корпус №5 (3-қабат, 322 каб.). Сайт: www.kaznpu.kz Байланыс нөмері: +7(707) 3319729
ZOOM https://zoom.us/j/93924780966?pwd=Mm9YVXBscmZ1RTg4ZGtkNkpZSHJJQT09
Идентификатор: 939 2478 0966
Код: 423079
«Abai University KazNPU» YouTube каналының сілтемесі: https://www.youtube.com/channel/UCBUJDvtbCbblef5qhUQMMhw
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық
|