қазақша · русский · english
 
 
 

 

«Teach Create Motivate» - лингводидактика зертханасы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың көптілді бастауыш білім беру студенттеріне (6В01306- Бастауыш білім ағылшын тілінде, 6В01304- Бастауыш білім көптілділікпен бағыты бойынша білім алатын топтарға) арнайы ұйымдастырылған. Зертхана мүшелерінің бас қосуы ай сайын ONLINE / OFFLINE форматында ZOOM және MSTEAMS платформаларында жүргізіледі. 

 

Зертхананың мақсаты - студенттерге ағылшын тілін аутенттік материалдар арқылы оқытуда қолайлы тілдік орта ұйымдастыру, көптілді білім алу аясында қарым-қатынас жасай білуге, ақпарат алуға, білім, білік дағдыларын жетілдіруге ықпал ету.

 

Зертхананың негізгі міндеті - ағылшын тілін оқытуда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік білімдерін және лингводидактикалық әлеуетін арттыру; лингводидактикалық әлеуетін дамытуда аутенттік материалдарды қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту.

 

Лингводидактика зертханасының тақырыптары студенттердің шынайы өмірімен байланысты қамтамасыз етеді, шығармашылық ізденістерін, танымдық қабілеттерін дамытуға, сыни ойлауға, коммуникативті құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

 

Зертхананың қызметі:

- студенттерге оқу- әдістемелік, жеке шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізуге баулу, тақырып аясында аутенттік, дидактикалық материалдар құрастыруды үйрету;

- әртүрлі тақырыптар бойынша аутенттік материалдар құрастыру/жинақтау, оларды тәжірибеде үйлесімді қолдану негізінде: семинар, сұхбат, әңгіме, талдау, жарыс, пікірталас, конференция, оқырман театры, диспут, тренинг, ток -шоу, рольдік ойындар, дебат, жеке, топтық, жұптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру;

- ағылшын тілін оқытуда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің аутенттік материалдар арқылы лингводидактикалық (лексикалық, грамматикалық, айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым) дағдыларын дамыту;

- студенттердің коммуникативтік, прагматикалық, танымдық, тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру.

 

Жетекшісі - докторант Г.С.Махарова. Тел:87021947072, maharova727@gmail.com    

 

«Teach Create Motivate» - лингводидактика зертханасы 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыc жоспары