Главная
Новости
03.12.2019 Германиядағы сурет көрмесі
2019 жылдың 27 қарашасында Германияның Гейдельберг қаласының Жоғары педагогикалық мектебінде Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты оқытушыларының өнер көрмесінің ашылуы болды. Көрме қазақ халқының ұлы ағартушысы, ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы және Өнер, мәдениет және спорт институтының 50 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.
Көрме жұмысымен ӨМжСИ директоры Т.М.Қожағұлов, дизайн кафедрасының қауымдастырылған профессоры Н.А.Михайлова және шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға оқытушысы Қ.Т.Дүйсенова таныстырды.
Көрмеде графика, линолеумге басылған гравюра және акварель техникасының, одан басқа қолданбалы өнер шығармалары -гобелен, киіз басу, ши, әшекей бұйымдардың 30-дан астам туындылары көрсетілді. Көрме 2020 жылдың қаңтарына дейін жалғасады.
Өнер көрмесінің тұжырымдамасы: көшпенділер тарихы - шығармашылық кеңістік, ал адам оны жүзеге асырушы. Аталмыш көрме ӨМжСИ суретші-оқытушыларының мәдениеті мен өнерінің дәстүрлік және заманауи халықаралық тәжірибенің шексіз қарым-қатынас диалогында түйісуі болып табылады.
Көрменің мәндік және визуалдық контексті Орталық Азия мен Қазақстанның көшпенділік мұрасына бағытталған.
Өнер, мәдениет және спорт институты |