қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Қалиева Светлана Ислам- Ғазиқызы

Қалиева Светлана Ислам- Ғазиқызы

Қалиева Светлана Ислам- Ғазиқызы - п.ғ.к., профессор
С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің химия факультетін (1971), Абай атындағы ҚазПИ-дың аспирантурасын (1976) бітірген.
Мектеп мұғалімі болып жұмыс істеген. 1971-1973 жж. Абай атындағы ҚазПИ педагогика кафедрасының аспирантурасын бітірген. Ы.Алтынсарин атындағы Ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, педагогика тарихы және теориясы бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы. (1976-1982). Абай атындағы ҚазҰУ-дың педагогика кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры (1982 жылдан қазірге дейін).
Педагогикадан кандидаттық диссертацияларды қорғау Кеңесінің мүшесі, ғалым хатшысы (1990). Алматы қаласындағы №126 гимназиясының негізінде ғылыми-әдістемелік кешенді және педагогика кафедрасында әдістемелік жұмыстарын басқарады. Орта Азиялық «Нури Худжанд» Халық Академиясының мүше-корреспонденті, оның қазақстандық бөлімінің бас ғалым хатшысы.
2006 жылы «ҚР құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған. Педагогика ғылымдарының кандидаты (1983). Абай атындағы ҚазҰУ-дың профессоры (1999).
Ғылыми ізденіс саласы: жалпы білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру, мұғалімді тәрбие процесін жүргізуге баулу.
Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Жұмыс істейтін жастардың кешкі (ауысым) мектептеріндегі директордың орынбасарының жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары».
Оның жетекшілігімен 23 астам кандидаттық диссертация қорғалған.
Оның 60-тан артық ғылыми мақалалары, шағын кітапша-оқулықтар, 10 -нан астам ғылыми-әдістемелік нұсқаулар жарияланған. «Педагогика» дәрістер курсының авторларының бірі.
2009ж.- «Научно-методологические основы формирования готовности будущего специалиста к непрерывному образованию» (Абай атындағы ҚазҰПУ) ғылыми жобаға қатысқан.
2009-2010 жж. «Концепция воспитания студентов в вузе», «Концепция национального воспитания студенческой молодежи» деген тұжырымдамалар жобасын жасауға қатысқан және кафедрасының шығармашылық тобымен «Национальное воспитание студентов» атты дәрістер курсын дайындаған.
Соавтор концепций «Непрерывное педагогическое образование», «Высшее педагогическое образование» тұжырымдамаларының авторы.


← Вернуться назад