қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
20.09.2019

«Мысыр қазыналары» көрмесі ашылды

 

2019 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде Мысыр Араб Республикасының Елшілігі, Мысырдың Алматыдағы мәдениет және білім жөніндегі орталығымен көпжылдық ынтымақтастық аясында «Мысыр қазыналары» көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің ашылу салтанатына Тарих және құқық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.


Көрмеде Фараондар әулетінің тарихын айқындайтын төмендегідей: тұрмыстық заттар, папирус, былғары, металл, ағаштан жасалған бұйымдар, сондай-ақ сәндік-қолданбалы және каллиграфиялық өнердің заманауи туындылары, құдайлардың мүсіндері, ежелгі шам, құмған, құмыра, көркем безендірілген гүлсауыт, құмыра, металл мен ағаштан жасалған тарелкалар және сүйекпен безендірілген қобдишалар, ежелгі қорымдар мен Құдайлар бейнеленген картиналар және т.б. қойылды. Біздің студенттеріміз бұл көрмені үлкен қызығушылықпен қарады.

 

   

 

   

 

  

 

Тарих және құқық институты