қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
01.07.2019

Мектептің волонтер-мұғалімдері университетте - ынтымақтастықтың инновациялық форматы

 

2019 жылдың 28 маусымында Педагогикалық шеберлік Академиясының ұйымдасытруымен «Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің сапасын жақсарту: жаңа мүмкіндіктер, нақты қадамдар» тақырыбында дөңгелек үстел басындағы конструктивті диалог өтті.


Бұл кәсіби диалогқа университеттің бірінші проректоры, профессор Мақтағали Бектемесов, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, профессор Ақтолқын Құлсариева, Математика, физика және информатика институтының директоры Мұрат Бекпатшаев, Академияның тренерлері Айман Берікханова, Саят Ибраимов, Нұржан Абзеров және Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен академик Шалтай Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектептің, №68, №146, №168, №40, №47 мектеп-гимназияларның волонтер-мұғалімдері қатысты.


Дөңгелек үстелге қатысушылар студенттердің функционалдық сауаттылығын, олардың қазіргі жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сәйкестіліктерін, болашақ мұғалімдерді оза оқыту идеяларын, ЖОО түлегінің бәсекеге қабілетті тұлғасын қалыптастыру мәселелерін талқылап, «Мектеп-ЖОО» жүйесінің ынтымақтастығын күшейтудің нақты қадамдарын анықтады.


Студентердің әдістемелік шеберліктерін шыңдауға байланысты соңғы 3 ай көлемінде (сәуір- маусым) апта сайын шеберлік сабақтарын өткізіп келген барлық волонтер-мұғалімдерге естелік сыйлықтар мен сертификаттар тапсырылды.