қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.05.2019

Слупск қ. Помор академиясындағы Абай орталығының ашылуы

 

Слупск қ. (Польша) Помор академиясының 50 - жылдық мерейтойына орай Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректоры Ақтолқын Құлсариева бастаған делегациясы аталмыш университетте болды.


Помор академиясының 50 - жылдық мерейтойы аясында 2019 жылдың 23 мамырында Абай атындағы қазақ мәдениеті мен ғылымының орталығы ашылды.


Біздің университеттеріміздің жеті жылдық ынтымақтастығы ашықтық пен өзара түсіністікке негізделген. Халықаралық келіссөз шеңберінде біздің 150-ден астам бакалавр, магистрант және докторанттарымыз осы оқу орнында тағлымдамадан өтіп, семестрлік оқуын жалғастырды. Біздің университетте екі дипломдық бағдарлама бойынша білім алушылар Европалық үлгідегі алғашқы 4 дипломды Слупск қаласындағы Помор академиясынан алды. Біздің университет ғалымдары визит-профессорлар санатында академияға шақырылады. Серіктестік жылдарында көптеген ғылыми шаралар атқарылды. Абай орталығының ашылуы біздің елдеріміз бен мәдениетімізді жақындатушы дамып отырған халықаралық ынтымақтастықтың жаңа сатысы.


Екі ел үшін де айтулы оқиға екі университет басшылары Такир Балықбаев пен Збигнев Осадовскийдің келісімінің нәтижесі.


Абай орталығының ашылу жұмысына Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Айгүл Ысқақова, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева, кафедра доценті Мадина Абаева қатысты.


Польша тарапынан бұл мерекені дайындауға Помор академиясының проректоры Данута Герчиньска, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Галина Нефагина және Абай атындағы ҚазҰПУ магистратурасының түлегі, бүгінде Помор академиясының докторанты Максим Пономаренко зор үлес қосты.

 

   

 

   

 

   

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы