қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.02.2011

2011 жылдың  6 қаңтары күні «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілеттігінің ұзартылуын қолдайды!» атты Елбасының  өкілеттігін  2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту туралы референдумды қолдау мақсатында жиын болып өтті.  Жиынға Университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы,  профессор Пірәлиев Серік  Жайлауұлы,  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, халықаралық құқық кафедрасының профессоры  Сәбикенов Салехиден Нұрсариұлы, Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Фаузия Шамсиқызы, Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор  Евгений Александрович   Кузнецов, Шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық жоғары мектеп ғылым акдемиясының академигі, Қазақстан халқы Ассамблея кеңесінің мүшесі  Мирзоев  Князь Ибрагимұлы, Есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Иманбердиев Бұрхан  Жақыпбайұлы, Халықаралық қатынастар және құқықтану факультетінің 3 курс студенті  Байшекенов Ескендір, Қаржы-экономика факультетінің 4 курс студенті Бәкірбаев Болат,. Қаржы-экономика факультетінің 2 курс студенті Махамбетова Айжамал, Психология-педагогика факультетінің 2 курс студенті Қасымжанов Ерлан, Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы  Ушатов Марат қатысты. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Шаяхметов Нұрбек Уахапұлы Үндеу жолдады.