қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
25.05.2015

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ АССОЦИАЦИЯСЫ ҚҰРЫЛДЫ

 

Бүгінгі таңда тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған барлық республикаларда әлемдік бәсекеге қабілетті сапалы педагог кадрларын даярлауда, педагогикалық ғылымдарды онан әрі дамытуда толғағы жеткен мәселелер баршылық. Бұл мәселе әлі де болса жұмыла күш жұмсауды, білім беру саласын интеграциялауды талап етеді.
Осыған байланысты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Жайлауұлы Пірәлиев пен Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алексей Львович Семеновтың бастамасымен Еуразиялық Экономикалыққа Одаққа мүше мемлекеттердің педагогикалық жоғары оқу орындарының Ассоцияциясы құрылды. Оған Ресей Федерациясының, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз, Армения Республикаларының 48 жоғары педагогикалық университеттері мүше болды.
Педагогикалық жоғары оқу орындары Еуразиялық Ассоцияциясының І құрылтай съезі 22 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында өтті. Мәжілісті университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Серік Жайлауұлы Пірәлиев ашты.
Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, академик Алексей Львович Семенов өз баяндамасында жаңа құрылып отырған қоғамдық Ассоцияцияның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. «Еуразиялық Экономикалық одақ білім мен ғылым саласындағы жаңа интеграцияларға жетелейді, - деді ол. - Қазіргі таңда педагогикалық кадрлар даярлау сапасына қойылатын талап жоғары, педагогикалық білім беруді дамыту мәселелері әрбір елдің жоғары мектебі үшін өзекті болып табылады. Осыған орай жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім беру жүйесін жан-жақты дамыту үшін жоғары оқу орындарының өзара әріптестігі мен ықпалдастығын реттейтін ортақ қоғамдық ұйым керек болды. Бұл орган - бүгінгі біздің Ассоцияция». Академик А.Л.Семеновтың айтуына қарағанда, Педагогикалық жоғары оқу орындары ассоциациясына мүше болған жоғары оқу орындары әлемдік бәсекеге қабілетті педагог мамандарын даярлау жолында жаңа инновциялық технологияларды бірлесіп игереді, бірлескен ғылыми жобаларды орындайды. Студенттер, профессор-оқытушылар алмасу арқылы іс-тәжірибелерін байытады. Бірлескен ғылыми теориялық және практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіп, педагогикалық білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелерді шешеді, жүзеге асырады.
Ассоциациясының Құрылтай съезінде ұйымның Жарғысы талқыланып бекітілді, Ассоциацияның Кеңесі сайланды.
Съезге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнап хат қабылдады(Хаттың мәтіні төменде жарияланып отыр)

 

Абай атындағы ҚазҰПУ
Баспасөз орталығы.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мырзаға

Педагогикалық жоғары оқу орындары Еуразиялық ассоциациясының І съезіне қатысушылардан


Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің тікелей бастамаңызбен құрылған Еуразиялық Экономикалық Одақ бүгінгі таңда әлемдік қауымдастық алдында аса зор абырой-беделге ие болып, оның аясы күннен-күнге кеңейіп келе жатқаны баршамызды қуантады. Еуразиялық Экономикалық Одақты білім және ғылым саласында онан әрі қолдап, оның негізгі мақсат-мұратын жүзеге асыру үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Жайлауұлы Пірәлиев пен Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алексей Львович Семенов мырзалардың бастамасымен құрылған педагогикалық жоғары оқу орындарының Ассоциациясы 2015 жылғы 22 мамырда Алматыда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық униерситеті базасында, Ассоциацияның І құрылтай съезін табысты өткізгенін мәлімдейміз. Аталған Ассоциацияға Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше Ресей Федерациясының, Беларусь, Қазақстан, Армения және Қырғыз Республикаларының 48 педагогикалық жоғары оқу орындары мүше болып отыр.
Ассоциацияның басты мақсаты Еуразиялық ЭО-қа мүше мемлекеттердің педагогикалық жоғары оқу орындарының әлеуетін біріктіре отырып білім мен ғылым саласында жаңа интеграция қалыптастыру, сапалы және бәсекеге қабілетті педагог кадрларын даярлау, гуманитарлық ғылымдарды жоғары деңгейге көтеру, білім беру саласына жаңа инновациялық технологияларды енгізу, студенттер, профессор-оқытушылар алмасу арқылы оқу үдерісіне озат тәжірибені кеңінен енгізу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру болып табылады.
Съезде Ассоциацияның басшы органдарын сайлап, бағдарламаларын белгіледік. Алдағы уақытта Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында ынтымақтастығымыз онан әрі баянды болады деп Сізді сендіргіміз келеді.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Еуразиялық Экономикалық Одақ құру туралы алғашқы идея туған қазақ елінде енді білім-ғылым саласындағы тағы бір қоғамдық ұйым өмірге келгеніне біз бәріміз де қуаныштымыз. Сіздің Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан Білім-ғылым саласын рефорлауға үлкен күш-жігер жұмсап, бұл салада толымды табыстарға қол жеткізгеніңіз бізге жақсы белгілі. Әлем саясаткерлері мойындап отырған Сіздің Көшбасшылық тұлғаңызды ерекше қадірлей отырып және Сіздің ұстанған сарабдал саясатыңызды қолдай отырып, «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруда табыстан табысқа жете беруіңізге тілектеспіз.
Сізді Президенттік сайлауда ірі жеңіске жетуіңізбен шын жүректен құттықтай отырып, халықаралық қауымдастықта абырой-беделіңіз арта беруіне тілектестік білдіреміз.

Педагогикалық жоғары оқу орындары
Еуразиялық Ассоциациясына мүше
жоғары оқу орындарының басшылары:

Семенов Алексей Львович Мәскеу мемлекеттік педагогикалық
университеті

Пірәлиев Серік Жайлауұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті

 

Дорожкин Евгений Михайлович Ресей мемлекеттік кәсіби-
педагогикалық университеті


Дзиов Артур Русланович Шадрин мемлекеттік педагогикалық институты

Федоров Александр Александрович Козьма Минин атындағы
Нижегород мемлекеттік
педагогикалық
университеті


Халадов Ходж-Ахмет Султанович Шешен мемлекеттік
педагогикалық институты

Григорян Вардебан Фабрицускович Арменияның Налбандян
атындағы мемлекеттік педагогикалық
институты

Зулуев Бекмырза Бекболатович А.Мырсабеков атындағы Ош гуманитарлық-педагогикалық
институты

Абдрашев Акунжан Баказович Жалал-Абад мемлекеттік
университеті


Өмірәлиева Дамира Кемелқызы С.Нааматов атындағы
Нарын мемлекеттік университеті


Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті


Баймырзаев Қуат Маратұлы Қостанай педагогикалық
институты

Аршабеков Нұрғали Рахымғалиұлы Павлодар мемлекеттік
педагогикалық институты

Пелевин Сергей Игорович Армавир мемлекеттік педагогикалық
академиясы

Еремян Ара Владимирович Хашапур Обовян атындағы Армян
мемлекеттік университеті


Бабаян Арутюн Арпабазович Армян мемлекеттік дене тәрбиесі
институты

Шафикова Гулназ Радмиловна Б.Ақмолла атындағы Башқұр мемлекеттік
педагогикалық университеті

Барсуков Владимир Георгиевич Гроднен мемлекеттік университеті

Москвич Юрий Николаевич В.П.Астафьев
атындағы Краснояр мемлекеттік
педагогикалық университеті

Қоңырбаев Туғанбай Абдрахманович И.Арабаев атындағы
Қырғыз мемлекеттік университеті

Чуркина Наталья Омбы мемлекеттік
педагогикалық университеті

Шайымкулов Олжобай Ахматович Ош мемлекеттік университеті

Жолдасова Орынқыз Көпбосынқызы Тараз мемлекеттік педагогикалық
институты

Асетин Константин Евенеевич Томск мемлекеттік педагогикалық
институты

Калинина Зинаида Николаевна Л.Н.Толстой
атындағы Тула мемлекетті
педагогикалық университеті

Ермаков Александр Михайлович К.Д.Ушинский
атындағы Ярославль
мемлекеттік педагогикалық
университеті.