![]()
25.02.2025 Биология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді 2025 жылдың 5 наурызында сағат 16:30-да «8D051 - Биологиялық және аралас ғылымдар (6D060700 - Биология» мамандығы бойынша Cерібекқызы Гүлзинаттың философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Іле Алатау экожүйелерінің топырағын бағалаудағы Lumbricidae тұқымдасы өкілдерінің биоиндикациялық рөлі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты Биология кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланады.
Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн және онлайн-форматта өткізіледі. Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақша.
Есимов Болат Кабдушевич - биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, (Алматы қ., Қазақстан); Хасан Коч - доктор, профессор, Мугла Сыткы Кочман университеті, (Мугла қ., Түркия).
Жақсыбаев Мұрат Бодинович - биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, (Алматы қ., Қазақстан); Сулейменов Маратбек Жақсыбекұлы - ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» ШЖҚ РМК (Алматы қ., Қазақстан);
Идентификатор: 745 169 5601 Код: t8DUuW Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 30. №1 ғимарат (3-қабат, 303 аудитория).
|