қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
25.02.2025

Биология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді


2025 жылдың 7 наурызында сағат 15.00-де «8D015 - Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау (6D011300 -Биология» мамандығы бойынша Джунусова Раушан Жексенбаевнаның философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Көптілділікті оқыту жағдайында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру негізінде болашақ биолог мұғалімдердің генетикалық білімдерін дамыту» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультеті биология кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланады.


Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн және онлайн-форматта өткізіледі.


Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

Қорғау тілі - қазақша.


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Айдарбаева Докторхан Кайсарбековна - биология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);

Азизова Ирина Юнусовна- педагогика ғылымдарының докторы, профессор, "Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті" (Санкт-Петербург қаласы, Ресей мемлекеті).


РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Жумагулова Калампыр Абжаппаровна-педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қаласы, Қазақстан);

Батаева Дарига Серікқызы - философия докторы (PhD), қауым. проф.м.а. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).


ZOOM: https://zoom.us/j/92102764096?pwd=88P4ZrK6OWbosgXZ8zC5rLUbB7KxHB.1

Идентификатор конференции: 921 0276 4096.

Код доступа: 021268.


Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 30. №1 ғимарат (4-қабат, 416 аудитория).