қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
21.02.2025

Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді


2025 жылдың 04 наурыз күні сағат 15:00-де, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 8D015 - Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау (6D011600/8D01515 - География) және 8D052 - Қоршаған орта (6D060900/8D05203 - География) бағыттары бойынша Диссертациялық кеңес жанындағы Ғылыми семинарда «8D01506 - География» білім беру бағдарламасы бойынша Құмарбекұлы Санаттың философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «География сабағында оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытудағы жүйелік іс- әрекеттік тәсіл» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.


Ғылыми семинар оффлайн және онлайн форматта өтеді.

Диссертация Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде орындалған.
Семинар тілі - қазақша.

ОТАНДЫҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІ:
Абдиманапов Бахадурхан Шарипович - география ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті география және экология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
Гайсин Ильгизар Тимергалиевич- педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазан федералдық университеті (Қазан қ., Ресей).

 

Рецензенттер:
Токпанов Е.А. - г.ғ.к., І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жаратылыстану пәндер кафедрасының қаум., профессоры.
Мамирова К.Н. - п.ғ.к., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің география кафедрасының профессор м.а.

ZOOM: https://zoom.us/j/97943851529?pwd=ZgOZmeLRKWWw25tuvmLyBFEvB7KICZ.1
Идентификатор: 979 4385 1529
Код: 1234
Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30 (6-қабат, 604-кабинет).