Главная
Новости
30.04.2015 «Толеранттылық - әртүрліліктегі үйлесімділік» атты тақырыпта профессор Абсатова М. семинар өткізді 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында және Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы аясында 2015 жылдың 23 сәуір күні «Толеранттылық педагогикасы» пәнінен Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және психология мамандықтары кафедрасының профессоры, п.ғ.д М.А. Абсатованың ұйымдастыруымен «Толеранттылық - әртүрліліктегі үйлесімділік» атты тақырыпта магистранттармен семинар өтті. Сабақ дәстүрлі емес формада, телевизиялық бағдарлама түрінде жүргізілді. Магистранттар Қазақстан халқы Ассамблеясының делегаты, мәдениет қайраткері, белгілі тарихшы, кәсіби психолог рөлдерін шеберлікпен сомдады. Олар әр түрлі ұлттық киімдермен келіп, қонақтарды алдағы мерекелерімен құттықтады. Өздері тілші болып, бейнебаян әзірледі, соған қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Бағдарламаның қонағы ретінде педагогика және психология мамандықтары кафедрасының профессорлары Амирова А.С., Хан Н.Н., Аганина К.Ж., Манкеш А.Е., доценттері Қосанов Б.М., Абдрахмановар Р.Б., Аксакалова Ж., докторанттар, магистранттар қатысты. Олармен де түрлі, қызықты жұмыстар жасалды. Кәсіби психолог тренинг өткізіп, қатысушыларға толеранттылықтың мәнін түсіндірді. Ол ортаға 3 докторант тыңдаушыны шығарып, бір заттың 3 түрлі күйін көздері жұмған күйінде ұстатқызып, сол затты табуды ұсынды. Олар ақылдаса келіп, ол заттың алма екенін тапты. Сонда толерантты тұлғаға қажетті қасиеттер достық, бір-бірін тыңдау, түсіне алу, құрметтеу, ынтымақта жұмыс істей алу қасиеті екенін жеңіл, әрі оңай ұғындыра алды. Сабақ барысында магистранттар «толеранттылық» ұғымының мәніне терең үңіле отырып, жан-жақты талдау жасады, яғни толеранттылық қоршаған әлемдегі мәдениеттің сан алуандығын, адамдардың жекелігін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсінуді білдіретін ұғым екенін түсінді. Сондай-ақ толеранттылық - адамның жан-жақты құқықтары мен негізгі бостандықтарын мойындау негізінде қалыптасқан белсенді қарым - қатынас. Жекелеген адамдар, топтар және мемлекеттер толерантты болуы керектігін насихаттады.
Сабақта тарихшы рөлін сомдаған магистранттың міндеті - осы көрініс арқылы қазақ халқы өз ұрпағын кек сақтамайтындай етіп тәрбиелейтіні толеранттылықтың тамаша үлгісі екенін дәлелдеу болды. Сабақ қазақтың ән-күйімен де безендірілді.
Хамитова М. магистрант
|