Главная /
Объявления
24.10.2024 Бос жұмыс орны: Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары
Бос лауазымның атауы: Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері: Қоғамның ғимараттары мен құрылыстарын электр энергиясымен, жылумен, суық және ыстық сумен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету, автокөлікті ұтымды пайдалану, барлық оқу ғимараттары мен жатақханаларында тиісті тазалық пен тәртіп, жобалау құжаттамасына, құрылыс нормалары мен ережелеріне, техникалық шарттарға, басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жөндеу-құрылыс жұмыстарына басшылық жасау. Жатақханаларда тұру нормалары мен ережелерінің сақталуын бақылау. Қоғамның аумақтарын абаттандыру мен тазалауды ұйымдастыру. Негізгі лауазымдық міндеттері: Ішкі тәртіп ережелерін сақтау. Қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтау. Шаруашылық қызметке жалпы басшылықты және қоғамның материалдық базасын дамытуды жүзеге асыру. Қаланың коммуналдық қызметтерімен шарттар жасасуды ұйымдастыру және олардың уақтылы орындалуын бақылау. Көліктің барлық түрлерін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, көлік бөлімін қажетті тетіктермен және құрылғылармен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдау. Департамент бойынша қажетті заттарды есепке алу және есептілікті жүргізу. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын бақылау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын, мүдделер қақтығысын шешу саясатын және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау, ықтимал немесе орын алған бұзушылықтар туралы Қоғам басшылығын хабардар ету жөніндегі саясатты қолдау. Іссапарларға шығу: Міндетті Білім: Тиісті бағыт бойынша - инженерия, құрылыс, жобаларды басқару саласында н/е ұқсас сала бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, басқалары) Мемлекеттік, коммерциялық, коммерциялық емес немесе халықаралық ұйымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі Кәсіби құзыреттер: Ұжымдағы қарым-қатынастың этикалық нормалары, құрылыс нормаларын білу Тұлғалық құзыреттер мен сапалар: Қарым-қатынас, нәтижеге назар аудару, ұқыптылық Мемлекеттік тілді қоса алғанда, тілдерді білу (кандидат меңгеруі тиіс тілдердің тізімі) Қазақша, орысша Компьютерлік дағдылар: Outlook, PowerPoint, АВС-4, AutoCAD, AUTODESK Revit. CorelDraw, Excel, Word Түйіндемені тапсыру мерзімі: 29.10.2024ж. дейін Байланыс тұлғасы: Тұтқабаева Жұлдыз 8(727) 291-82-57 zh.tutkabayeva@abaiuniversity.edu.kz |