қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
15.10.2024

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) сыртқы сараптама комиссиясының келуі


2024 жылдың 21-22 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың сегіз білім беру бағдарламасы халықаралық мамандандырылған аккредитациялау рәсімінен өтеді. Осы процесс аясында төмендегі бағдарламалар бағаланады:

 

- «6B03111-Практикалық психологтарды даярлау»;

- «6B01901-Арнайы педагогика (IP)»;

- «7М03118-Денсаулық психологиясы және психотерапия негіздері»;

- «7М01908-Арнайы педагогика: аутистикалық спектр бұзылыстары бар балаларды қолдау (IP)»;

- «8D01101-Педагогика және психология»;

- «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»;

- «8D01301-Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі»;

- «8D01901-Арнайы педагогика».

 

IQAA тәуелсіз агенттігі өткізетін аккредитация біздің білім беру бағдарламаларымыздың сапасын және заманауи стандарттарға сәйкестігін терең бағалауға бағытталған. Бұл маңызды процесте қатысуымыз мамандар даярлау деңгейін көтеруге, сондай-ақ университеттегі білім беру үдерістерін одан әрі жетілдіруге серпін беретін болады.

 

Барша қатысушыларға нәтижелі жұмыс пен шығармашылық табыстар тілейміз!

 

Институционалдық тиімділік кеңсесі