қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
10.09.2024

«Оңай» жол жүру картасы туралы ақпарат

 

Құрметті студенттер! Назарларыңызға «Оңай» жол жүру картасын рәсімдеу үшін онлайн-өтінім беру талаптарын ұсынамыз.

 

Қажетті құжаттар тізімі:


1. 3х4 фотосурет;
2. Жеке куәлік;
3. «Univer» жүйесінен анықтама;
4. Байланыс телефоны.


Құжаттар JPG форматта қабылданады және әрбір файлдың өлшемі 1000 пиксельден аспауы тиіс. Жиналған құжаттарды студенттің аты-жөнімен жалпы тізім бойынша жүктеп, alima_kaibrahmanova@bk.ru электрондық поштасына жолдау керек.


Ескерту!

 

1. 3х4 фотосурет ақ фонда болуы керек;
2. Жеке куәлік шетелдік паспортпен ауыстырылмауы тиіс;
3. 4, 29, 6, 2-1 қосымша жеңілдік анықтамалары қарастырылмайды;
4. PDF және WORD форматындағы құжаттар қабылданбайды.


Докторантура, магистратура, академиялық ұтқырлық бағытында білім алушыларға «Оңай» картасы берілмейді.


«Оңай» картасы университет тарапынан бір рет қана беріледі. Жол жүру картасы жоғалған жағдайда қайта өңдеу, шығару үшін студент «Оңай» орталығына жүгіне алады.


Колледжден кейін оқуға түсіп, Алматыда білім алған студенттер Абылай хан, 3, «Алтын Тараз» сауда орталығы мекенжайында орналасқан «Оңай» орталығында жол жүру картасын жаңартуына болады.