қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Утемисова Арайлым Жубаткановна

Утемисова Арайлым Жубаткановна

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН

Утемисова Арайлым Жубаткановна, 1983 жылы 26 наурызда Қызылорда облысы Қазалы ауданы (бұр. атауы К.Маркс) қазіргі Бекарыстан би ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Жұмыс тәжірибесі: 20 жыл

Еңбек қызметі:

2004 - 2006 ж.ж. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, зертханашы;

2006 - 2009 ж.ж.  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, аға зертханашы;

2009-2017 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, «Жаратылыстану» факультетінің «Химия және биология» кафедрасының оқытушысы;

2020-2024 ж.ж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты, Химия кафедрасының аға оқытушысы;

2024 жылдан бастап, қазірге дейін Шетел азаматтарына және жоғары оқу орынына дейінгі даярлыққа арналған Foundation факультетінің кафедра меңгерушісі;

Негізгі жетістіктері:

1.      2018 ж. (20.05.-03.06.2018 ж.) және 2019 ж. (10.01.-24.01.2019 ж.) аралығында, Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласындағы А.И.Герцен атындағы Ресей Мемлекеттік педагогикалық университетінен ғылыми-тағылымдамадан өткен; 

2.      Университеттің Жас зерттеушілер Кеңесі Ғылыми-әдістемелік комитетінің жетекшісі (2021-2025);

3.      Жаратылыстану-география ғылымдары Хабаршы журналының жауапты хатшысы (2023-2025);

4.      Институттың сапа комиссиясының төрайымы (2020-2023);

5.      Оқу бағдарламаларының авторы (2021-2023);

6.      Химия кафедраның ғылыми жұмыстарға СҒЖ, МҒЖ жауапты (2020-2023);

7.      Химия кафедраның педагогикалық практикаға жауапты тұлғасы (2023-2024);

8.      ЖОО-дарының химия педагогикалық мамандықтары студенттері арасында «Педагогикалық дебют» республикалық конкурсын құрастырушысы (2023);

9.       «Жаратылыстану» факультеті Кеңесінің хатшысы (2010-2012);

10.  «Химия және биология» кафедрасының  аға кураторы (2009-2014);

11.  Институттың қабылдау комиссиясында жауапты техникалық хатшы (2005-2006).

 

БІЛІМІ

Оқу орнының толық атауы

Бітірген

жылы

Мамандығы, біліктілігі

 

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты 

2005 ж.

Кәсіптік жоғары білімді, биология-химия мұғалімі

Қазақстан инженерлік педагогикалық халықтар Достығы университеті

2016 ж.

6М011200-Химия мамандығы бойынша магистратура

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

2020 ж.

6D011200-Химия мамандығы бойынша докторантура

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ, ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми дәрежесі/ ғылыми атағы

Мамандығы

 

Қорғаған жері

Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі

6М011200-Химия мамандығы бойынша

Қазақстан инженерлік педагогикалық халықтар Достығы университеті

Философия докторы (РhD) дәрежесі

6D011200-Химия мамандығы бойынша

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

 

 

 


← Вернуться назад