Главная /
Объявления
03.09.2024
«Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Университет) 2024-2025 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамы қызметкерлерінің бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды
МАТЕМАТИКА,ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ - 22 Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы - 8
Физика кафедрасы - 4
Математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі кафедрасы - 5
Математика және математикалық моделдеу кафедрасы - 5
ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ - 9 Музыкалық білім және хореография кафедрасы - 5
Дизайн кафедрасы - 4
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛТЕТІ - 14 Бастауыш білім беру кафедрасы - 2
Педагогика және психология кафедрасы - 2
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы- 1
Педагогика кафедрасы - 3
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы - 2
Арнайы педагогика кафедрасы - 4
ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ - 14 Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы - 5
Әлем тарихы кафедрасы-1
Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы кафедрасы - 5
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы - 1
Құқықтану кафедрасы -2
СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН ИНСТИТУТЫ - 2 Халықаралық қатынастар кафедрасы -2
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ - 17 Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы - 2
Практикалық ағылшын тілі кафедрасы - 2
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы - 4
Шетел тілдері кафедрасы - 5
Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы - 2
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы - 2
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ - 9 Биология кафедрасы - 3
Химия кафедрасы - 4
География және экология кафедрасы - 2
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ - 6 Бастапқы әскери дайындық кафедрасы - 1
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы - 5
* - ҚазҰПУ берілген атағы
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымына: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесінің және (немесе) PhD дәрежесінің, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағының болуы және ғылыми-педагогикалық қызметте кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
аға оқытушы лауазымына: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесінің және (немесе) PhD дәрежесінің немесе магистр дәрежесінің болуы, жоғары оқу орындарында және (немесе) ғылыми-зерттеу институттарында кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі;
оқытушы лауазымына: жоғары білімі, мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (магистр дәрежесінің болуы және (немесе) PhD докторантура бағдарламасы бойынша оқуы);
оқытушы-эдвайзер лауазымына: жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, магистр дәрежесінің болуы, еңбек өтілінсіз.
* Ұсынылғаннан бос лауазымнан жоғары дәреже болған кезде конкурстық рәсімдер үшін құжаттарды қабылдауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады: 1) Басқарма Төрағасы - Ректордың атына конкурсқа қатысу туралы белгіленген нысанда өтініші (1-Қосымша); 2) үміткердің 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті электрондық фотосуретімен қызметтік тізімі (2-Қосымша); 3) үміткердің электрондық және қағаз форматтағы сауалнамасы (3-Қосымша); 4) жеке куәліктің көшірмесі; 5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмесі, салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары; 6) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары (соңғы 3 жылдағы). 7) шет тілдерін меңгергені туралы сертификаттар (бар болған жағдайда); 8) Бас ғалым хатшы куәландырған ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі (соңғы 3 жылдағы); 9) № 075 формасындағы медициналық анықтама немесе санитарлық кітапша, флюрография; 10) наркологиялық, психоневрологиялық ұйымдарда есепте жоқ екенін растайтын анықтама; 11) соттылығының жоқтығы туралы анықтама; 12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (басшы лауазымдар үшін); 13) қосымша құжаттар: соңғы жұмыс орнынан мінездеме және/немесе ұсыныс хат, сондай-ақ үміткер біліміне, кәсіби деңгейіне және т. б. қатысты қосымша ақпараттарды беруге құқылы. Шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынылады.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай - ақ халықаралық шарттар (келісімдер) шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары берген білім туралы құжаттар Білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.
Конкурсқа қатысуға құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болса, өтініш барлық құжаттармен бірге конкурс өткізу басталғанға дейін өтініш берген тұлғаға қайтарылады.
Конкурсқа қатысуға өтініш пен құжаттарды беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 2024 жылдың «06» кыркүйегіне дейін (қоса алғанда).
Құжаттарды қабылдау: Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде сканерленген нұсқада hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz электрондық поштаға ұсыну қажет және Алматы қ., Достық даңғылы, 13 (№102 кабинет, 1 қабат) мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 9.30-дан 17.00-ге дейін қолма-қол қабылданады.
Анықтама телефоны: 8(727) 291-34-35
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
* Сауалнама деректерімен жұмыс істеу рәсімі: Үміткерлердің әрқайсысы ұсынылған «Үміткердің анкетасы» бланкісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, үміткердің академиялық кезеңдегі қызметінің нәтижелерін көрсететін жеке көрсеткіштер негізінде толтырады; сауалнамаларды толтыруды үміткерлер «өлшеу жиілігі» сауалнамасында көрсетілген кезеңде қол жеткізілген нәтижелер негізінде жүргізеді. |