қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Ниязғұлова Шолпан Рахымжанқызы

Ниязғұлова Шолпан Рахымжанқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ 

Мен, Ниязғұлова Шолпан Рахымжанқызы, 1969 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы Қордай ауданы Талапты совхозында дүниеге келдім.
1976-1986 жылдары Трудовик орта мектебінде білім алдым.
1987-1992 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институтында оқыдым.
1992 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылдандым.
1993 жылы қазақ тілі оқыту сыныптарында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде Карл Маркс атындағы орта мектепке ауыстырылдым.
1994 жылы Трудовик орта мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде ауыстырылып, 2022 жылдың тамызына дейін сонда жұмыс істедім.
2022 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласы №94 мектеп-гимназиясына қазақ тілді сыныптарға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылдандым.
2019 жылы «Педагог-зерттеуші» санаты берілді.
2021 жылы 31 желтоқсанда «Педагог-шебер» санаты берілді.

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілік

Бітіру жылы

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Институты

Ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

1992 жыл

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ 

1. «Орыс тілі 2-сынып» оқулығының авторы. «Arman-pv» баспасы, №246. 2023 жыл.

2. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция: «Қазіргі білім берудегі жасанды интеллект дамуының үрдістері».

Ғылыми мақала: «Оқушылардың өмірлік және кәсіби табыстылығының негізі ретінде орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру және дамыту».

Бұл ғылыми мақала «Қазіргі білім берудегі жасанды интеллект дамуының үрдістері» атты халықаралық ғылыми журналда жарияланған.

 

МАРАПАТТАР

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, 2020 жыл.

Ы. Алтынсарин атындағы медаль, 2024 жыл.

 

 


← Вернуться назад