қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Мәжит Назерке Бейімбетқызы

Мәжит Назерке Бейімбетқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН 

1998 жылы 24 наурызда Жамбыл облысында дүниеге келдім. Ұлтым - қазақ. 2004 жылы Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясына 1 сыныпқа бардым. 2015 жылы Алматы қаласы, Алатау ауданы, №156 жалпы білім беретін мектепте 11 сыныпты аяқтадым.

2015 жылы Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түсіп, 2019 жылы 5В011000-Физика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алдым. 2019 жылы Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне магистратураға оқуға түсіп, 2021 жылы 7М01504-Физика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алдым.

2019-2020 жж. Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясында, 2021 жылдан бастап №157 жалпы білім беретін мектепте физика пәні мұғалімі қызметін атқардым.

2024 жылдың қараша айының 7 жұлдызынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының «Математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі» кафедрасында аға оқытушы лауазымында жұмыс атқарамын.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

Абай атындағы ҚазҰПУ

5В011000-Физика, физика пәні мұғалімі

2019

Абай атындағы ҚазҰПУ

7М01504-Физика, физика пәні мұғалімі

2021

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта: Элементарлық физика. Оқыту әдістері мен технологиялары. Мектеп экспериментінің техникасы.

Магистратурада: Қазіргі физиканың өзекті мәселелері.

 

ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Ғылыми мақалалар:

- Мәжит Н.Б. «Тербелістер мен толқындар тарауын оқытуда деңгейлік тапсырмаларды қолдану». Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті. «Жастар, ғылым және инновация» атты XVI Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. 9 сәуір 2020ж., 307-309 б.б.

- Мәжит Н.Б. «Физиканы оқытуда деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану». Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Алматы қаласы білім басқармасы. «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы. Алматы, Қазақстан, 6-9 сәуір 2020 ж., 379 б.

- Мәжит Н.Б., Сыдықова Ж.К. «Методика применения технологии уровневого обучения в преподавании физики». LXX Международная научная конференция «Актуальные научные исследования в современном мире». Украина, Переяслав 26-27.02.2021г. стр. 86-91

-  Мәжит Н.Б. «Орта мектепте тербелістер мен толқындар тарауын деңгейлеп оқыту жолдары». «Алтынсарин оқулары - 2020». «Қоғамның әлеуметтік және рухани жаңаруы жағдайындағы білім берудің сапасын жоғарылату» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Арқалық, 2020. - Б.648-653.

 

МАРАПАТТАРЫ

Диплом I дәрежелі. Республикалық мұғалімдер қауымдастығы (Олимпиада Орталығы) жобасының негізінде ұйымдастырылған VII Республикалық мұғалімдерге арналған олимпиадасында физика пәнінен жүлдегер. Алматы, №2491-2024

Алғыс хат. Қазақстан Республикасы бойынша білім беру мекемелерінің қатысушылары арасында «ФИЗИКА» пәні бойынша ұйымдастырылған республикалық олимпиада жүлдегерін даярлағаны үшін беріледі. «KKO.KZ» № 162813/1. Алматы 09 қазан 2024 жыл.

 

 

 

 

 

 

 


← Вернуться назад