Главная /
Объявления
21.06.2024 Бос жұмыс орны: Заң басқармасы басшысының орынбасары
Бос лауазымның атауы: Заң басқармасы басшысының орынбасары Құрылымдық бөлімнің негізгі функционалдық міндеттері: 1) Құқықтық мәселелерді қарау кезінде қоғамның мүдделерін белгіленген тәртіппен барлық сатыдағы соттарда, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ұсыну; 2) Басқарма шешімдерінің, бұйрықтардың, шарттардың өкімдерінің, қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының жобаларын дайындау, оларды белгіленген тәртіппен келісуге және бекітуге шығару; 3) Өзге құрылымдық бөлімшелер дайындаған бұйрықтардың, шарттар өкімдерінің, ішкі нормативтік құжаттардың жобаларына бұрыштама қою немесе тиісті заң қорытындысын шығару жолымен Заң сараптамасы; 4) Қоғам басшылығының сұрау салулары бойынша құқықтық мәселелер бойынша кеңестер, түсініктемелер мен қорытындылар беру; қолданыстағы заңнама және практика бойынша ақпараттық материалдарды жіберу, шағымдарды қарауға қатысу, тиісті өтініштерді қарау жөніндегі комиссиялардың құрамына кіру; 5) ОПҚ-ны, тәртіптік комиссияны, өзге де комиссияларды және бизнес процестерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның жұмысын заңдық сүйемелдеу; 6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; 7) шарттарды уақтылы және дұрыс жасасуды, шарттық міндеттемелердің орындалуын есепке алуды, шарттар бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді берушілерге жауапкершілік шараларын қолдануды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау; Негізгі қызметтік міндеттері Басқарманың құқықтық сипаттағы ішкі құжаттарын әзірлеу; қоғамнан сенімхат бойынша соттарда істерді жүргізу жөніндегі құжаттаманы ресімдеу, оларды есепке алу мен сақтауды жүзеге асыру; қоғамның сенімхаты бойынша соттарға қатысуға, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда (коммерциялық және коммерциялық емес) қоғамның мүдделерін білдіруге; құқықтық жұмыс туралы ақпаратты және өзге де материалдарды талдау, олар бойынша талдамалық анықтамалар жасау, қоғамның лауазымды тұлғаларының қарауына сұрақтар енгізу, құзыреті шеңберінде анықталған кемшіліктерді жою және құқықтық жұмысты жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды; кері қайтарып алуға түсетін шарттардың, кепілдік міндеттемелердің келісімдерінің және ішкі құжаттардың жобаларына құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар дайындауға, сондай-ақ Қоғам қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу; басқа бөлімшелермен бірлесіп қолданыстағы бұйрықтарды және қоғамда жарияланған басқа да ішкі құжаттарды өзгерту немесе күшін жою туралы, ұрлық, жымқыру, кемшіліктер туралы және сот және тергеу органдарына беру үшін өзге де құқық бұзушылықтар туралы ұсыныстар енгізу; шарттарға, келісімдерге, меморандумдарға құқықтық сараптама жүргізу, олардың заңдық негізділігі туралы қорытындылар енгізу, ұжымдық шарттардың талаптарын әзірлеуге қатысу; өз құзыреті шегінде академиялық мәселелерге, ғылыми гранттар, қоғамның әлеуметтік саласы бойынша мәселелерге жетекшілік ету; қоғамның регламенттеуші қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу; қоғамның ішкі құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан және қоғамның өзге де ішкі құқықтық актілерімен және Қазақстан Республикасының заңдарымен қайшылықтар мәніне мониторинг жүргізу; Іссапарларға шығу: Қажетіне қарай іссапар Білімі: Жоғары заңгер білімі Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, бағыты, т.б.) Басқарма басшысының орынбасары лауазымына жоғары заңгер білімі, басқару жұмысының өтілі кемінде 3 (үш) жыл немесе мамандығы бойынша кемінде 7 (жеті) жыл Кәсіби құзыреттер: Кәсібилік, қолданыстағы құқық нормаларын дұрыс қолдана білу, құқық қолдану практикасын талдау Жеке құзыреттер мен қасиеттер: Коммуникабельділік, стресске төзімділік, бастамашылдық, субординацияны сақтай отырып, ұжымда іскерлік қатынастар құра білу Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (үміткер білуі тиіс тілдердің тізімі) Қазақ, орыс тілдерін еркін меңгеру; Компьютерлік дағдылар: Жетілдірілген дербес компьютер пайдаланушысы; Түйіндемені қабылдау мерзімі: Түйіндемелер 2024 жылғы маусымның 21- 26 аралығына дейін Байланыстағы тұлға: Узакбаева Назгул Жауынгеровна тел: 291-82-57.
Кадр басқармасы |