қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Ардабаева Алмагуль Кайрбаевна

Ардабаева Алмагуль Кайрбаевна

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН 

1984 жылы Алтай өлкесі Кулунда қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде магистратураға түсті. 2017-2020 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D010900-Математика мамандығы бойынша докторантурада оқыды. Еңбек жолын С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің математика және информатика кафедрасының ассистенті болып бастады. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс жасайды.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университет

Мұғалім

2005

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Магистратура

2007

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Докторантура

2020

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Философия докторы (PhD)

6D010900-Математика

2024

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта: Элементарлық математика,   Математика тарихы, Математиканы оқыту әдістемесі, Оқыту әдістері мен технологиялары.

Магистратурада: Математиканы оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздері, Современные методы оценки результатов обучения математике, Математикада экстремумға берілген қолданбалы есептерді шешу әдістемесі.

 

ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Зерттеу бағыты - Болашақ математика мұғалімдерінің дайындыңын жетілдіру мәселелері.

20 астам ғылыми мақалалардың авторы:

- Орта мектептегі геометриялық білім беру мазмұнының кейбір аспектілері //  ПМУ хабаршысы, Педагогикалық сериясы. - №2. - 2020. Б. 27-38,

- Methodical Aspects of Pupils Teaching to Solve Mathematical Tasks // International Journal of Advanced Science and Technology. Vol. 29, No. 4s, (2020), pp. 2440 - 2452,

- Геометрия. Есептер жинағы. 9-сынып. Алматы, Мектеп. 2019,

- Modernization of the system of continuous natural science education in the Republic of Kazakhstan //AD ALTA: Journal of Interdisciplinary Research. - Czech Republic. - Volum 8, Issue 1, Special Issue IV. - 2018. - P.86-92.,

- Жаңартылған білім мазмұны жағдайында геометрияны оқытудың қолданбалы бағытын жүзеге асыру жолдары //Қазақстанның ғылымы мен өмірі. -№2. - 2020. - Б.77-83.) 

- Макнемар критерийі және оны педагогикалық құбылыстарды зерттеуде қолдану // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің хабаршысы. «Физика-математика ғылымдары» сериясы. - №1(81). - 2023. - Б.99-105. https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.81.1.010

- Mathematical Problems as a Means of Developing Students` Research Skills in the Context of School Education Content Updating // Journal of Law and sustainable Development. -  Vol. 11. - No. 4 (2023). - Pages: 01-20.  https://doi.org/10.55908/sdgs.v11i4.607

- Continuity in Teaching the Course Algebra and the Beginning of Analysis: Adaptation of Students to New Conditions //Qubahan Academic Journal. - Vol. 4, No. 3, 2024. P.793-805. Scopus, процентиль - 87. https://doi.org/10.48161/qaj.v4n3a1050

- Training future teachers of mathematics to develop financial literacy of school students //Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршысы. «Физика-математикалық ғылымдар» сериясы. - № 3(87). - 2024. - Б.70-82. https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.87.3.006

- Математиканы оқыту процесінде оқушылардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері //«Science and technologies» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының «Endless Light In Science» халықаралық ғылыми журналы. Педагогикалық ғылымдар сериясы. - №1. - Астана, 2024. - Б.3-8. https://doi.org/10.24412/2709-1201-2024-3-8.

- Мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын контекстік есептер арқылы қалыптастыру жолдары //«Ғылым мен білім беруді дамытудың басым бағыттары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағы. - Атырау, 2024. - Б.128-134.

 

 


← Вернуться назад