қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
25.05.2024

«BR18574162 Арнайы педагогтерді инклюзивті бағдарланған даярлау» ғылыми бағдарламасы аясындағы вебинарлар

 

Еліміздің жоғары оқу орындарында арнайы педагогтерді инклюзивті бағдарланған даярлаудың сапасын арттыру және тиімді тәжірибесін тарату мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ базасында 8 қазақтандық жоғары оқу орындарының зерттеушілер тобы бірқатар вебинарлар өткізуді жоспарлап отыр.


«BR18574162 Арнайы педагогтерді инклюзивті бағдарланған даярлау» ғылыми бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 29 мамырда сағат 13.00 - де және 13.50 - де ZOOM арқылы екі тақырыпқа арналған «Арнайы педагогтерді даярлаудың халықаралық тәжірибесі» және (Спикер - Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің деканы, п.ғ.к. Абаева Ғ.А.) және «Білім беру бағдарламасын іске асыру шеңберінде арнайы педагогтерді инклюзивті-бағдарланған даярлау» (ҚазҰлтҚызПУ Педагогика және психология институтының директоры, п.ғ.к. Г.С. Оразаева) атты алғашқы екі вебинар өткізу жоспарлануда.


Вебинарларға қатысуға жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, мектепке дейінгі және мектептік білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, арнайы педагогтер, психологтар және барлық мүдделі тұлғалар шақырылады.


29.05.2024 онлайн zoom: 388 434 77 81 13:00
13:50 код: 1206