қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
10.05.2024

Химия кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді

 

2024 жылдың 20 мамырында сағат 14.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті, химия кафедрасының кеңейтілген отырысында Химэрсэн Хуангулдің «8D05301-химия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін жазған «Технологиялық ерітінділерден скандийді бөліп алу үшін жоғары сұрыпты заманауи сорбенттер құру» тақырыбы бойынша диссертациялық жұмысын талқылау өтеді.

 

Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн форматта өткізіледі.

 

Диссертация «Ә.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ орындалған.

 

Қорғау тілі - қазақша.

 

Ғылыми кеңесшілер:
Джумадилов Талқыбек Қожатайұлы - х.ғ.д., профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан);
Юзеф Хапонюк (Józef Tadeusz Haponiuk) - PhD докторы, профессор (Гданьск технологиялық Университеті, Польша).

Рецензенттер:
Нургалиева Гулзипа Орынтаевна - х.ғ.д., ассоциир.профессор («Ә.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ, Алматы қ., Қазақстан);
Бақыткәрім Ырысгүл- PhD (Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан).

 

Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Қазыбек би көш., 30, №1 корпус (7-қабат, 716-кабинет).