қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Буркашов Аптылай Бухарбаевич

Буркашов Аптылай Бухарбаевич

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

1945 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

1967 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген.

1967-1969 жылдары Қазалы Райт диспансерінде дәрігер-фтизиатр болып жұмыс істеді. 1969-1972 жылдары бірінші Ленинград мемлекеттік медицина институтында аспирантурада оқыды.

1973 жылы "Емдік дене шынықтыру және спорттық медицина" мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады (Ленинград қ.).

1973-1984 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында ассистент, емдік дене шынықтыру, спорттық медицина және физиотерапия кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1984-2001 жылдары Қазақ дене шынықтыру институтында ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, одан әрі спорт және туризм академиясында бірінші проректор болып жұмыс істеді.

2001-2003 жылдары Түркістан Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Алматы филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2003-2008 жылдары республикалық допингке қарсы орталық директорының орынбасары қызметін атқарды.

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығында директордың орынбасары, бас менеджер болып жұмыс істейді.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілік

Диплом берілген уақыты

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтыны

Емдік дене шынықтыру және спорттық медицина

1967 ж.

Ленинград мемлекеттік медицина институты

Емдік дене шынықтыру және спорттық медицина

1972 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

 Медицина ғылымдарының докторы, профессор

Емдік дене шынықтыру және спорттық медицина

1973ж.

 

ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ

100-ден астам жарияланған ғылыми еңбектері бар. 5 ғылым кандидаты дайындалды.

"КСРО ВДНХа" қола медалімен, Білім және ғылым министрлігінің, Жастар, Спорт және туризм министрлігінің, Спорт және туризм агенттігінің, Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Ресей медициналық ғылымдар академиясы "Гиппократ атындағы" медалімен және "Гиппократ атындағы" орденімен марапатталған.

 "Ұлттық медицина қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары наградасымен - "Алтын Дәрігер" төсбелгісімен марапатталған.

 


← Вернуться назад