О нас | Главная /
Баймаханов Ақылбек Бақытбекұлы
Баймаханов Ақылбек Бақытбекұлы
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Баймаханов Ақылбек Бақытбекұлы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келді. Ұлты - қазақ, білімі - жоғары. 2005-2009 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды. Еңбек жолын (2007-2017 жылдары) А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастап, әр жылдары концерт және конкурс ісінің менеджері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2017-2019 жылдары Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінде «Педагогикалық білім: білім саласындағы менеджмент» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2019-2022 жылдары Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінде «Жалпы педагогика, педагогика тарихы және білім» мамандығы бойынша аспирантураны оқып, бітірді. 2020-2022 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша магистратураны оқыды. 2018-2024 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде Консулдық бөлім маманы, Қоғамдық қатынастар бөлімінің маманы болып қызмет атқарды. 2022-2024 жылдары Ресей халықтары достығы университетінде оқытушы (қоса) болып қызмет атқарды. 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады. Баймаханов Ақылбектің 12 ғылыми мақаласы халықаралық ғылыми басылымдарда жарық көрді. ҚР Президентінің, ҚР Парламентінің екі Палатасы басшыларының, ҚР Премьер-Министрінің, ҚР Үкіметі мүшелерінің, ҚР өңірлері әкімдерінің, шығармашылық делегациялардың Ресейге сапарларын дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге қатысты. Сонымен қатар, 2024 жылдың наурыз айында Ресей Федерациясының Президентін сайлауда халықаралық бақылаушы болды.
БІЛІМІ
Ғылыми дәрежесі
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ Баймаханов Ақылбектің 12 ғылыми мақаласы халықаралық ғылыми басылымдарда жарық көрді. ҚР Президентінің, ҚР Парламентінің екі Палатасы басшыларының, ҚР Премьер-Министрінің, ҚР Үкіметі мүшелерінің, ҚР өңірлері әкімдерінің, шығармашылық делегациялардың Ресейге сапарларын дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге қатысты. Сонымен қатар, 2024 жылдың наурыз айында Ресей Федерациясының Президентін сайлауда халықаралық бақылаушы болды.
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|