О нас | Главная /
Бектемесов Мақтағали Әбдімажитұлы
Бектемесов Мақтағали Әбдімажитұлы
ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ Университетті бітіргеннен кейін 1985 жылы 1 қыркүйектен Абай атындағы ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне тәлімгер-зерттеуші болып қабылданды. 1987 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының мақсатты бағыты бойынша КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің (Новосибирск) Математика институтының аспирантурасына түсіп, оны 1990 жылы ойдағыдай бітірді. 1990-2010 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-де оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның тәрбие ісі, оқу ісі жөніндегі орынбасары, физика-математика факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректор, Магистратура және PhD докторантура институтындағы жаратылыстану мамандықтары кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2010 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің деканы, бірінші проректоры болды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экономика-өндірістік істер жөніндегі проректоры, механика-математика факультетінің деканы. 2017-2022 жылдары - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры, консультант-профессор, оқу ісі жөніндегі проректоры-басқарма мүшесі. 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың мамырына дейін Қазақ ұлттық зерттеу аграрлық университетінің проректоры, провост- басқарма мүшесі қызметін атқарды.
БІЛІМ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ, ҒЫЛЫМИ АТАҚ, АКАДЕМИЯЛЫҚ АТАҚ
ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері) Бакалавриатта: Математикалық физика теңдеулері, Комплекс айнымалы функцияларының теориясы, Магистратурада: Комплексті талдаудың қосымша тараулары, Жай дифференциалдық теңдеулердің қосымша тараулары, Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептер, математикалық физиканың классикалық емес теңдеулері Докторантурада: Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің таңдаулы тараулары, Кері және қисынды емес есептер сандық шешу теориясы ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕР – зерттеу тақырыптары, жарияланымдар Жаратылыстанудың кері және қисынды емес есептері, білім беруді ақпараттандыру, фракталдар мен хаос теориясы, экология, эпидемиология және биомедицина есептерін математикалық модельдеу саласындағы ғылыми зерттеулер. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің іргелі және қолданбалы зерттеулер жөніндегі жоба жетекшісі, халықаралық инженерлік және білім беру жобаларының үйлестірушісі (Германия, Ұлыбритания, Қытай). – «Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршысы. Математика, физика және информатика сериясы» журналының бас редакторы – «әл-Фараби ат. ҚазҰУ Хабаршысы. Математика, механика және информатика сериясы журналының ғылыми редакторы» (2015-2017) – Web Science және Scopus деректер базасына енгізілген «Сібір есептеу математикасы журналы» және «Numerical Analysis and Applications» (Новосибирск) редакциялық алқасының мүшесі. – 2005 жылдан «Жаратылыстанудың кері мәселелері» қалалық ғылыми семинарының жетекшісі. 150 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектің, 8 монография мен оқу құралдарының авторы. «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» (2009).
Бірлескен авторлық маңызды жарияланымдар: 1. Differential evolution algorithm of solving an inverse problem for the spatial Solow mathematical model// Journal of Inverse and Ill-posed Problems. (Scopus, SJR 0.5013, Web of Science IF 0.926), authors: Kabanikhin, S., Krivorotko, O., Bektemesov M. 2. Simulation of COVID-19 Spread Scenarios in the Republic of Kazakhstan Based on Regularization of the Agent-Based Model // Journal of Applied and Industrial Mathematics, 2023, 17(1), рр. 94–109. (Scopus) authors: Kabanikhin, S., Krivorotko, O., Bektemesov M. 3. On an inverse problem for a linearized system of Navier-Stokes equations with a final overdetermination condition// Journal of Inverse and Ill-posed Problems. – 2023. –. https://doi.org/10.1515/jiip-2022-0065 (Scopus procentile – 56, SJR=0.428, Scopus quartile – Q2, Web of Science – Q2, IF=1.1), authors: Jenaliyev, M.T., Bektemesov M.А., Yergaliyev, M.G. 4. 2-D Deep Convolutional Neural Network for Predicting the Intensity of Seismic Events//International Journal of Advanced Computer Science and Applications, 2023, 14(1), рр. 788–796 (Scopus percentile– 44, , Q3), authors: Turarbek, A., Bektemessov M., Adetbekov, Y. 5. Deep Convolutional Neural Network for Accurate Prediction of Seismic Events// International Journal of Advanced Computer Science and Applications. – 2023. – Т. 14(10), c.604–613. (Scopus percentile– 44, Scopus quartile – Q3), authors: Turarbek, A., Bektemessov M., Adetbekov, Y.
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|