қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Мұхамадиев Дәурен Бақдәулетұлы

Мұхамадиев Дәурен Бақдәулетұлы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Мұхамадиев Дәурен Бақдәулетұлы 1977 жылы 13 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 1994 жылы аталған елді-мекендегі орта мектепті бітірген.

1999 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Біліктілігі: «Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі».

1999-2004 жылдары мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

2004-2009 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институты, қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарған.

2010-2017 жылдары М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті» бөлімінде ғылыми қызметкер болып қызмет еткен.

«Мекемтас Мырзахметұлы - әдебиет тарихын зерттеуші» атты тақырыпта («100102 - Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша) кандидаттық диссертация қорғаған.

2017-2020 жылдары «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша редактор қызметін атқарған.

2021-2022 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқытушылық қызмет еткен.

2022 жылдан бастан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология институты, академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  аға оқытушысы болып жұмыс істейді, филология ғылымдарының кандидаты.

 

БІЛІМІ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітірген мерзімі

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

25 маусым 1999 ж.

(Тіркеу № 886)

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми саласы

Диплом берілген күні

Филология ғылымдарының кандидаты

Қазақ әдебиеті

25 желтоқсан 2010 ж.

(FK № 0005490.

 №11 хаттама)

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта: «Абайтану»

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Зерттеу алаңы: «Абайтану», «Әуезовтану», «Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы», «Өлең өрімі», «Алаш әдебиеттануы». 200-ге жуық (ғылыми-танымдық, әдістемелік) мақалалары жарық көрген.

«Абайтанушы» (15 б/т.), «Сан қырлы ғалым» (18 б/т.) зерттеу еңбектерінің, «Абайтану» (6,5 б/т.) оқулығының авторы.

1.Әуезовтанудың қазіргі өзекті мәселелері (профессор М.Мырзахметұлы зертханасы негізінде) // «Академик Зейнолла Қабдолов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. - Алматы, «Қазақ университеті», 2023.    

2.Абай және М.Әуезов: рухани үндестік // М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Заманының заңғар жазушысы -  Мұхтар Әуезов» атты республикалық конференция жинағы. Қарағанды қ., «Bolashaq» академиясы. 13 желтоқсан  2022 ж.

3.Абай және Шығыс // Орталық Қазақстан Академиясының ұйымдастыруымен өткен «Атыңнан айналайын, Қарқаралы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы. Қарағанды қ., Орталық Қазақстан Академиясы. 9 маусым 2023 ж.    

4.Хәкім Абай ғақлияларындағы жалпыадамзаттық құндылықтар // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Абай» ғылыми-зерттеу институты өткізген «Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы және ілімі» атты IV Халықаралық ғылыми конференция. 10 тамыз 2023 ж.

5.Хәкім Абай шығармашылығындағы «ұлттық код» тұжырымдамасы // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Абай» ғылыми-зерттеу институты өткізген «Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы және ілімі» атты IV Халықаралық ғылыми конференция. 10 тамыз 2023 ж.

6.Қазақ тілі пәнін оқыту барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың ерекшеліктері // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа гуманитарлық білім: оқылым мен жазылымды деңгейлік оқыту» атты ғылыми-практикалық конференция жинағы. Алматы қ., 17 мамыр 2023 ж.

7.Білім берудегі инновациялық үдерістер // «Болашақтың құзыреттілігін дамыту: білім берудегі инновациялар» халықаралық тамыз педагогикалық конференциясы. ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» ҚҚ. № 5 жинақ. Алматы қ., 26 тамыз 2023 ж.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ  

 «Өлең өрімі», «Мәнерлеп оқу техникасы» атты оқу құралдарының авторы. «Абай шығармашылығын оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары», «Абай ғақлияларын оқытудың өзекті мәселелері», «Білім берудегі инновациялық үдерістер», «Қазақ тілі пәнін оқыту барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың ерекшеліктері», «Педагогтердің цифрлық құзыреттілігі» және тағы басқа әдістемелік мақалалары жарық көрген.

 


← Вернуться назад