қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Курмамбаева Жулдыз Балтабековна

Курмамбаева Жулдыз Балтабековна

 

ҚЫСҚА ӨМІРБАЯН

1978 жылы 7 маусымда Алматы қаласында дүниеге келдім. 1995 жылы Алматы қаласындағы №15 гимназияны үздік бітірірдім. 1999 жылы Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірдім. 2005-2007 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 6N0205 «Филология: шетел филология» мамандығы бойынша филология ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алдым. Ұлыбритания Елшілігінің Британ Кеңесінде білім беру жүйесіне қатысты ақпарат беру менеджері болып 1996-2009 жылдары  жұмыс атқардым. 2013-2016 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институтының кәсіби шетел тілі коммуникация кафедрасының оқытушысы болып жұмыс атқардым. 2015-2018 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 6D021300 - «Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алдым.    

 

БІЛІМ БЕРУ

Оқу орны

Біліктілік

Мерзімнің өту күні

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.

Бакалавр

1999 жыл

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.

6N0205 «Филология: шетел филология» мамандығы, филология ғылымдарының магистрі.

2007 жыл

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәреже

Ғылым саласы

Мерзімнің өту күні

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті.

Философия докторы (PhD) дәрежесі

6D021300 - «Лингвистика» мамандығы

09.06.2020, приказ № 04-02-02-02/20.

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атағы

Мерзімнің өту күні

Қауымдастырылған профессор (доцент) м.а.

31.10.2023

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕР (дайындық деңгейі бойынша)                                                                  

Бакалавриат: Тіл тарихы (2,3 курс), Академиялық мақсаттағы шет тілі (4 курс)

Оқу жылында атқарылатын басқа да міндеттер:1) Магистерлік диссертацияға жетекшілік

2) Педагогикалық тәжірибе

3) Дипломдық жұмысқа жетекшілік

4) Мектеппен байланыс

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

1. "Cognitive and lingua-cultural aspects of the concept of the numerals in Kazakhstan", Венесуэлла, ISSN- 1012-1587, SCOPUS OPCION, V.35. Issue 88, 2019 year, pp 177-192

2. "The media text as a powerful instrument of mass media". Венесуэлла, ISSN- 1012-1587, SCOPUS OPCION, V.34-Special Issue 15, 2018 year, pp 889-923

3. «Қазақ тіліндегі тоғыз ұғымының концептілік мәні» Қазақстанның ғылымы мен өмірі - Наука и Жизнь Казахстана. № 4 (60) 2018 Халықаралық ғылыми көпшілік журнал- ISSN 2073-333X. Серия филологическая. - Астана 2018: С-262-266.

4. «Жеті концептісінің құрылымдық жүйесі» Қазақстанның ғылымы мен өмірі - Наука и Жизнь Казахстана. № 4 (61) 2018, Халықаралық ғылыми көпшілік журнал- ISSN 2073-333X. Серия филологическая. - Астана 2018: С-163-169.

5. «Қырық сөзінің лингвоаксиологиялық мәні». БҚМҰ Хабаршысы -Вестник ЗКГУ, № 2 (74) 2019, ғылыми журнал, ISSN 1680-0761 Орал 2019: С-352-362

6. «Шет тілін үйрету үдерісіндегі жазылымға психолингвистикалық тұрғыдан қарау»,"Торайғыров Университеті"-нің Хабаршысы. Филологиялық сериясы, Павлодар, №3, 2021. - 102- 109 б.

7. «Сан атаулары - тіл білімінің маңызды зерттеу нысаны», Хабаршы (Вестник) №3 (65), 2018 Серия «Филологические науки», ISSN 2307-7891, 117-123б

8. «Linguacultural Basis of Numerals in the Kazakh Language», Tiltanym. 2023; 89 (1), ISBN:2411-6076, p. 27-33

9. «Cultural values in the concept of number», Tiltanym. 2023; ISBN:2411-6076, 3 (91) 2023, p.72-77

 

МАРАПАТТАР

1. Қазақстан Республикасы «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Астана қаласында ғылым және білім беру мекемелері арасында өткізілген «ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2022» байқауының жеңімпазы, «ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2022» медаль иегері.

2. Университетіміздің ғылым-білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хат, 25 мамыр 2023

3. Университетіміздің оқу тәрбие ісі мен қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны үшін берілген алғыс хат, наурыз 2023

4. Алғыс хат (Certificate of Appreciation) АҚШ Елшілігі және ARELTA атынан Алматы мектептері мен колледждерінің ағылшын тілінің мұғалімдерінің "Scaffolding PUDP" (Pedagogical University Development Project) жобасы аясында оқыту әдістемесі мен оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша біліктілігін арттыруға тренер болып белсене атсалысқаны үшін берілді, маусым 2023.

5. Алматы мектептері мен колледждерінің ағылшын тілінің мұғалімдерінің "Scaffolding PUDP" (Pedagogical University Development Project) жобасы аясында дайындаған үшін Алматы қаласының Ы.Алтынсарин атындағы 159 гимназиядан Алғыс хат, маусым 2023.


ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

1. АҚШ Мемлекеттік департаменті ARELTA серіктестігімен, орта мектебі мен колледждің ағылшын тілі мұғалімдеріне әдістеме, оқу жоспары және мазмұнды әзірлеу бойынша оқыту үшін тренерге арналған виртуалды оқыту бағдарламасы, 2022 жылғы желтоқсан, 72 сағат.

2. «Peer coaching at workplace» тренингі, 72 сағат, қазан-қараша 2022 ж.

3. EFL әдістемесі, мазмұны және оқу жоспарын әзірлеу бойынша виртуалды оқыту, АҚШ Мемлекеттік департаменті, 36 сағат, қазан-желтоқсан 2021 ж.

4. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру сертификаты, EF International, 02.16-03.23.2023 ж.

5. Көптілді ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеу тілін бағалау, KazPromEducation, 72 сағат, 07-19 ақпан 2022 ж.

6. Ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби дамуы, АҚШ Мемлекеттік департаменті, RELO кеңсесі, қараша 2021 ж.

7. 21 ғасырдағы мұғалімнің білімі: проблемалары мен шешімдері, Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті, желтоқсан 2021 ж.

8. «Ағылшын тілін оқытудың және студенттердің сынақ дағдыларын дамытудың тиімді әдістері», Oxford University Press, 2023 жылғы наурыз.

9. Гиресун университеті, әдебиет, тіл білімі, аударма және педагогика бойынша зерттеу әдістемесі және академиялық жазу, 72 сағат, 10 қазан - 4 қараша 2022 ж.

10. Біліктілікті арттыру бағдарламасы «Шет тілдерін оқытуда түпнұсқалық материалдарды пайдалану, 72 сағат, Новосибирск 2021, ООО «Білім және мансап» ТИ

11. Кемел Болашақ жұмысы аясында Рухани жаңғыру оқуы 104 сағаттық вебинарлар сериясы, 22.09.30.11.2021 Нұр-Сұлтан қ.

12. Қазақстандық Ғалым Әйелдер Қоғамының «Белгілі Ғалым Әйелдер» жобасы бойынша 72 сағат куәлігі, 2023 ж.

 

 


← Вернуться назад