қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.01.2015

2015 жылдың 23-қаңтары күні Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі «Білім» тобы мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің «Білім беру жүйесін модернизациялаудың өзекті мәселелері» тақырыбында мәжілісі өтті.
Мәжіліске ҚР БжҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің РОӘК «Білім» тобындағы мамандықтары бойынша ОӘБ-інің президиум мүшелері және еліміздің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Мәжілісті Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бірінші проректоры М.Е. Ермағанбетов ашып, білім беру жүйесін модернизациялаудың өзекті мәселелеріне тоқталып өтті.
Мәжіліс барысында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Аршабеков Нұрғали Рахымғалиұлы «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтындағы кәсіби бағдар беру жүйесі» атты баяндамамен, Абай атындағы ҚазҰПУ РОӘК ОӘБ ғалым хатшысы Мусина Ақжан Жасқыранқызы «ЖОО педагогикалық кадрлар даярлаудағы білім беру қызметінің бірқатар аспектілері туралы РОӘК ОӘБ жүргізген мониторингінің қорытындысы» тақырыбана баяндама жасады. Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, п.ғ.д. Мовкебаева Зульфия Ахметвалиевна және Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, п.ғ.к. Жалмұхамедова Әсия Кайырқызы «Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру үшін педагогикалық кадрлар даярлау туралы» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Қатысушылар білім беру жүйесіндегі модернизациялаудың өзекті мәселелері туралы баяндамаларды тыңдап, талқылап, өз ойларын ортаға салды. Қорытындысында ҚР БҒМ жіберуге резолюция қабылданды және талқылаудан өткен оқу құралдары Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Білім» тобы мамандықтары бойынша ОӘБ-інің грифімен жарық көру үшін баспадан шығаруға ұсынылып, оқулықтарға ҚР БҒМ-нің грифін беруге ұсыныс жасалды.