О нас | Главная /
Сайлаубекқызы Алия
Сайлаубекқызы Алия
Сайлаубекқызы Әлия 1977 жылы 04 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы №145 мектепті бітірді. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетіндегі философия және саясаттану факультетінде, әлеуметтану мамандығы бойынша оқуға түсті. 2000 жылы бакалаврды бітіргеннен кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде әлеуметтану мамандығы бойынша магистратурада оқыды. Алматыда 2002 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әлеуметтану мамандығы бойынша магистратураны бітірді. Еңбек жолын қолданбалы социологиялық және маркетингтік зерттеулер саласында бастады. 2016-2017 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану кафедрасының ассистенті болды. 2017 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасы» ғылыми-зерттеу институты бірлескен білім беру бағдарламаларының докторантурасына түсіп, 6D020600- «Дінтану» мамандығы бойыншағдарламаны 2020 жылы бітірген. 2020 жылдың желтоқсанында докторлық диссертациясын алдын ала қорғаудан өтті. 2022 жылдың 29 сәуірінде 6D020600 - Дінтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алумен докторлық диссертациясын қорғады. БІЛІМІ
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ
ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ (әлеуметтану, дінтану, мәдениеттану, саясаттану) ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ 1. «Жастардың діни бірегейлігін қалыптастырудың сапалық аспектілері», Адам Әлемі. Философия, саясаттану және дінтану институты. No 2 2018. - Б. 106-114 2. «Дін және сәйкестік», V Халықаралық Фараби форумы аясында 2018 жылғы 7 сәуірде өткен «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақ мәдениеті» халықаралық ғылыми конференциясының материалдары жинағы, С-41-44 3. «Зайырлылық / діндарлық контекстінде руханиятты модернизациялау», Адам Әлемі, 2018 ж., No 3 (77), - 96-104 б., No 13395 4. «Жастардың діни бірегейлігін қалыптастырудың аспектілері», Вестник Казну, философия, мәдениеттану және саясаттану сериясы No4, (66), 2018 ж. 5. «Діни бірегейліктің белгілері», Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясының материалдары, VI Халықаралық Фараби оқулары, Алматы, Қазақстан, 2-11 сәуір, 2019 ж., 2 том, С-401-405 6. «Қазақстандықтардың идеологиялық сәйкестігіне институционалдық әсерлер», Әл Фараби. - 2019. - No 3 (67). - 48-61 С 7. «Қазақстандықтардың дінді институт ретінде қабылдауы». «Дінтанудың қазіргі жағдайы мен даму болашағы» конференциясы, Халықаралық деңгей, Қазақстан, ҚазҰУ, 16.11.2019-16.11.2019, С-220-224 8. 8. «Көпмәдениетті қоғамдағы қазақстандықтардың сәйкестендіру ерекшеліктері», СОЦИС, Ресей, 2019 ж., No7, С 37-47.
ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ 1. « Діншілдік жағдайында руханиятты жаңғырту», АДАМ БОЛУҒА ҮЙРЕНУ «XXIV ДҮНИЕЗІЛІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КОНГРЕСС, 03910D бөлімі, Құндылықтар философиясы (D), Пекин Қытай, тамыз 2018 ж. 2. 9.3. Институционалдық құндылықтар жүйесіндегі дін.10.3 Әлеуметтік бағдар құндылықтары, «Қазіргі Қазақстандағы зайырлылық пен дін: рухани -мәдени мағыналар мен стратегияларды жаңғырту» Ұжымдық монографиясы. ҚР БҒМ КН Философия, саясаттану және дінтану институты. - Алматы, 2020 .-- 278 б. - С. 134-138. 148-150
← Вернуться назад |
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Приемная комиссия: 8(727)291-57-68
Call-центр: 8 (727) 221 85 14
Сектор Психологической службы: 8 700 976 89 97
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|