қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Садыкова Жанат Есенжанқызы

Садыкова Жанат Есенжанқызы

 

Садыкова Жанат Есенжанқызы  21 тамызда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 1971 жылы №14 Крупская атындағы орта мектептің бірінші сыныбына түсіп, 1981 жылы бітірген.

1981 жылдан бастап Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының шет тілдер факультетінде ағылшын және неміс тілдері мамандығы бойынша оқып, оны 1986 жылы бітіріп, толық жоғары педагогикалық білім алған.

Институт бағыты бойынша ол өзінің еңбек жолын Арал ауданы, Райым ауылы, № 72 орта мектебінде ағылшын тілі мұғалімі лауазымынан бастады.

1988 жылы өзінің педагогикалық қызметін Арал қаласындағы №14 орта мектепте жалғастырды.

1994 жылы Алматы қаласында №82 орта мектепте жұмыс істеді. Сол жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Институтында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді, ал 1999 жылы Орталық-Азия Университетінде ағылшын тілінің аға оқытушысы қызметін қоса атқарды.

1999 жылдан 2020 жылға дейін Орталық-Азия университетінде, «Әлем тілдері және Халықаралық қатынастар» факультетінде ағылшын тілінің аға оқытушысы болып  жұмыс істеді.

2014 жылы Орталық-Азия Университетінің аударма ісі мамандығы бойынша магистратурасын бітірді.

Қазіргі уақытта ол Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде шетел азаматтары және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінде  ағылшын тілінің аға оқытушысы болып жұмыс істейді.

 

БІЛІМІ:

Оқу орны

Біліктілігі

Бітірген уақыты

Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты, шетел тілдері факультеті,мамандығы «Ағылшын және неміс тілдері»

Қызылорда қ, 1981 ж.

 

Ағылшын және неміс тілдерінің мұғалімі

 

Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты

Қызылорда қ,

1986 ж.

 

 

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

 1. Орталық -Азия Университетінің доценті

 

Шет тілін оқыту әдістемесі

Орталық- Азия Университеті

Алматы қ, 2010 ж.

2. Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Газет мәтіндерін аудару ерекшеліктері

 

Орталық- Азия Университеті

Алматы қ, 2014 ж.

3.Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының корреспондент-мүшесі

 

Ағылшын тілін оқытудың заманауи технологиялары

Алматы қ, 2017 ж.

4.Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі

Жоғары оқу орнында заманауи цифрландыру

Алматы қ, 2018 ж.

 

Оқытылатын пәндер: Ағылшын  тілі

 

Ғылыми бағыты: Ағылшын тілі оқыту әдістемесі

Осы бағытта жарияланған мақалалар:

1.  Science and education («Main directions of the modern cognitive linguistics»). Strategic Studies Institute, Germany 2015 ISBN 978-3-941352-94-0.

2. 10 қадам сынамалы қалам (монография), Алматы қ, 2016ж, 6,8 парақ

3. 20 қадам сынамалы қалам (монография), Алматы қ, 2017ж, 5,2 парақ.

4. 30 қадам сынамалы қалам (монография), Алматы қ,2018ж, 11,25 парақ.

5. «Selection of lexical material in the development of terminology of oil and gas dictionary», Астана қ, 2019ж 14,5 парақ.

6. «Қазақстанда шет тілін оқытудың заманауи әдістері», Астана қ, 2019ж, 14,5 парақ.

7. «Methodology of teaching foreign language in Kazakhstan», Астана қ,2019ж, 13,5 парақ.

8. «Шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағыттылған білім беру негіздерінің құзыреттілігі», Астана қ, 2019ж, 13,5 парақ.

 

Марапаттары:

А.Байтұрсынов атындағы медаль, Алматы, 2017 ж.

Қазақстан ЖОО қауымдастығының Құрмет грамотасы, Алматы, 2017ж.

 

 


← Вернуться назад