қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
03.05.2022

«Орталық Азиядағы білім беруді трансформациялау» дөңгелек үстелі өтеді


2022 жылдың 6 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында Дүниежүзілік банктің Орталық Азия елдерімен әріптестігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Орталық Азиядағы білім беруді трансформациялау» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараға білім беру саласындағы халықаралық және өңірлік сарапшылар қатысады.

 

Біз пандемиядан кейінгі кезеңде білім беру жүйесін қалпына келтірудегі халықаралық тәжірибені және білім беру инновацияларын, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан тап болып отырған білім беру саласындағы жетістіктер мен сын-қатерлерді талқылаймыз.

 

Орталық Азиядағы және бүкіл Әлемдегі мектептер мен университеттер COVID-19 пандемиясынан кейін өз жұмыстарын күндізгі форматта қайта бастағанына қарамастан, соңғы екі жылдың салдары бүкіл ұрпаққа із қалдырады. Сарапшылардың пікірінше, «білім беру кедейлігі» (10 жасқа дейінгі балалардың қарапайым мәтіндерді оқи және түсіне алмайтындығын білдіретін ұғым) бүкіл әлемде пандемиядан 53% - дан қазіргі уақытта 70% - ға дейін өсті. Сонымен қатар, 24 миллион бала мектептегі білім беру жүйесінен біржола кету қаупі бар.

 

Орталық Азияда оқудағы шығындар мен «білім беру кедейлігінің» жағдайы қандай? Пандемиядан кейін әлеуметтік-экономикалық қалпына келтіру кезеңінде аймақтың елдері үшін білім беру жүйесін қайта құру үшін қандай мүмкіндіктер ашылуда?

 

Талқылауға қосылыңыз, сарапшыларымызға сұрақтар қойыңыз және бұл жағдай туралы өз көзқарасыңызбен бөлісіңіз.


Дөңгелек үстелге тіркелуге арналған сілтеме