Главная /
Объявления
15.03.2022 «Цифрландыру дәуіріндегі білім мен ғылым» II Халықаралық эссе конкурсы өтеді
Жұмыстарды қабылдау: zhas_zerteushiler@mail.ru; Alibek.17@inbox.ru почтасы арқылы қабылданады. Эссе қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Жұмыстарды қабылдаудың шекті уақыты (дедлайн): 2022 жылдың 31 наурызына дейін.
1, 2, 3 орындар алған және ынталандыруға ие болған жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады. Эссе жазуға қойылатын талаптар: Эссе төмендегі мәселелерді негізге ала отырып, жазылуы тиіс
2. Негізгі бөлім (эссенің шамамен 70 % көлемі). Бұл бөлімде таңдалған мәселе бойынша негізгі сұрақты теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырудың негіздерін қамтиды. Аталған бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар тақырып бойынша өз ұстанымына қоса басқа дәлелдер мен ұстанымдарды да негіздеу қажет. Талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өз тәжірибесін де пайдалануға болады. 3. Қорытынды (эссенің шамамен 10 % көлемі). Қорытынды - бұл тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элемент болғандықтан, бұл бөлімде зерттеген мәселені дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.
Антиплагиаттық тексерістен сәтті өткен жұмыстар ғана конкурсқа қатысады.
|