қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Абдримова Феруза Асылқызы

Абдримова Феруза Асылқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

1982 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ават ауылында дүниеге келді. 1.09.1988 ж.бастап 20.06.1999 ж.дейін Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ават ауылына қарасты И.Искандеров атындағы ұйғыр орта мектебінде оқыды. 1999-2003 жж (бакалавриат), 2003-2005 жж (магистратура) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алып шықты. 2005-2020 жылдар аралығында Педагогика  кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады.

 

БІЛІМІ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күн

 

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, қазақ филологиясы  факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі мұғалімі,

ЖБ 0053014

16-маусым

2003 жылы

Абай атындағы Қазақ ұлттық  педагогикалық университеті

Педагогика магистрі,

МТБ № 0010161

10-маусым

2005 жылы


ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ:

Бакалавриатта: Педагогика, Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Білім берудегі менеджмент.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - Қазіргі заманғы білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша 50 ден астам ғылыми мақалалары мен 3 әдістемелік нұсқаулық жарияланды.

Білімін жетілдіру курстары: «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

 

МАРАПАТТАРЫ:Абай атындағы ҚазҰПУ-ң мерейтойлық төсбелгісі, 2018 жыл.

 

 


← Вернуться назад