қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
29.12.2021

Бос лауазымға үміткерді іріктеу туралы өтінім

 

Бос жұмыс орны жабық

 

Бос лауазымның атауы

Қоғаммен байланыс департаментінің директоры

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

- Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жағымды имиджін қалыптастыру және мақсатты топтар арасында (талапкерлер, студенттер, қызметкерлер, серіктестер, билік органдары) Университеттің білім беру, ғылыми-инновациялық, халықаралық, тәрбиелік және әлеуметтік қызметтегі мақсаттары мен міндеттері туралы ақпаратты тарату арқылы оны қолдау;

- қоғаммен байланыс саласындағы университет қызметінің негізгі бағыттарын анықтау;

- Университеттің таңдалған ақпараттық-имидждік саясаты аясында университет қызметіне қатысты ақпараттық ағындарды құру және толықтыру;

- Университеттің маңызды оқиғалары мен жетістіктері туралы қоғамды ақпараттандыру үшін мемлекеттік билік органдарының баспасөз қызметтерімен, БАҚ-пен тұрақты жедел өзара байланыс орнату;

- Университеттің мақсатты аудиториямен өзара әрекеттесуінің тиімділігін арттыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ және интернет және БАҚ арқылы ұсынылатын білім беру қызметтері туралы ақпаратты ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;

-  қолайлы мүмкіндіктер жасауға және даулы мәселелерді шешуге қатысты шаралар қабылдау;

- кешенді бағдарламаларды дайындауға қатысу, университеттің перспективалық және ағымдағы жоспарларын құру;

- Университет қызметіндегі маңызды оқиғалар туралы қоғамды уақытында хабардар ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесу;

- Университеттің және оның жекелеген бөлімшелерінің беделіне теріс әсер ететін ұйымдардың қызметіндегі кемшіліктерді дер кезінде жоюды қамтамасыз ету;

- құпия деректерді қорғауды ескере отырып, азаматтардың өтініштерін уақтылы және толық қарауды және өтініш берушілерге жауаптарды жіберуді қамтамасыз ету;

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- Қоғаммен байланыс саласында ұйымның сыртқы және ішкі саясатының тұжырымдамасын әзірлеуді ұйымдастырады;

- қоғаммен байланыс саласында ұйымның саясатын іске асыруға бағытталған перспективалық және ағымдағы бағдарламаларды құру және іске асыру бойынша жұмысты бақылайды;

- қоғаммен байланыс саласындағы университет қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды;

- Университет басшылығының ұйымдарымен, қоғамның түрлі топтарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты және тиімді екі жақты байланысын қамтамасыз етеді;

- қолданыстағы бағдарламаларды және қоғаммен байланыс саласындағы ұйым саясатының тұжырымдамасын түзету мақсатында ұйымның беделіне әсер ететін негізгі факторлар бойынша қоғамдық пікірге зерттеулер жүргізуді басқарады;

- Университетті ақпараттық қамтамасыз етуді үйлестіреді;

- ҚР Білім және ғылым министрлігіне және басқа да жоғары органдарға университеттің қызметі туралы жыл сайынғы есепті дайындауды ұйымдастырады;

- қоғаммен байланыс бойынша және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша жұмысты ұйымдастырады;

- бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткізілетін іс-шаралар туралы баспасөз хабарламаларын дайындайды;

- сайт қолданушыларының өтініштеріне жауап ретінде университеттің Басқарма төрағасы -ректорының берген тапсырмаларының орындалуын қадағалайды;

- Университет брендінің дизайн сараптамасын қадағалайды;

- Интернет кеңістігінде БАҚ және маркетингтік қызмет бөлігінде Департаменттің бюджетін әзірлейді және бақылайды.

Іссапарларға шығу:

Мүмкін

Білімі

жоғары кәсіптік білім немесе техникалық;

академиялық дәрежесі болғаны жөн

Талап етілетін кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, басқа)

басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе қоғаммен байланыс саласындағы қосымша даярлық тәжірибесі болуы қажет

Тұлғалық құзыреттер мен қасиеттері:

Жауапкершілік, адалдық, мақсаттылық, ұқыптылық, командада жұмыс істей білу, ұйымдастырушылық дағдылар, төзімділік.

Тілдерді білуі, мемлекеттік тілді қоса алғанда (үміткердің меңгеруі тиіс тілдер тізімі)

Қазақ, орыс. Ағылшын тілін білу құпталады

Компьютерлік дағдылары:

MS Office бағдарламаларын меңгерген, интернетті және графикалық бағдарламалармен, әлеуметтік желілермен жұмыс жасай білуі қажет.

Түйіндемені жіберу мерзімі:

27 желтоқсан  2021 жыл

Байланысушы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz

Баймухамбетов Еркебулан Кайнарканович