қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
20.12.2021

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос жұмыс орны жабық

 

Бос лауазымның атауы:

Тәрбие, әлеуметті жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменттің жетекші маманы

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

- институттарға тәрбие-әлеуметтік жұмыстарын ұйымдастыруда көмек көрсетеді;

- тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясатын ұйымдастыру бойынша құжаттаманы әзірлейді және таратады;

- университеттің институттары мен кафедралары ұйымдастырған тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясатын талдайды;

- тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясатын ұйымдастырудың озық әдістері мен формаларын тәжірибеге енгізеді;

- тәрбие жетекшілеріне шеберлік сыныптары мен оқыту семинарларын ұйымдастырады;

- ведомстволық бағынысты қызметтер мен бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді;

- тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты мәселелері бойынша институттар мен кафедралардың келесі бағыттары бойынша қызметін үйлестіреді: мәдени жұмыс, патриоттық тәрбие, құқық бұзушылықтың алдын алу және экстремизмнің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, толеранттылық пен ұлтаралық келісімді тәрбиелеу;

- профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлерінің жатақханадағы кезекшілігін ұйымдастырады;

- әлеуметтік осал студенттердің базасын қалыптастырады және осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіреді.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- құжаттармен жұмыс істеу, іс-шараларды орындау нәтижелері бойынша есептерді жасау;

-басқа мамандармен, мекемелермен, ұйымдармен және қауымдастықтармен әлеуметтік қызметтерді көрсету және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша өзара әрекеттесу;

- басқа мамандармен, мекемелермен, ұйымдармен және қауымдастықтармен әлеуметтік қызметтерді көрсету және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша өзара әрекеттесу;

- әлеуметтік қызметке (тұрақты немесе уақытша) мұқтаж студенттерді қабылдау немесе әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін қажетті құжаттарды ресімдеу;

- әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша әртүрлі мекемелермен (мемлекеттік, діни, қоғамдық) байланыс орнату;

- әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-оңалту қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру, азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын ұйымдастыру;

- білім алушыларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған мәдени іс-шараларға қатысу;

- әлеуметтік қызметтерді көрсету немесе әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпаратты жинау және өңдеу;

- әлеуметтік көмек көрсету үшін қажетті құжаттарды әзірлеу, жүргізу және дұрыс сақталуын қамтамасыз ету.

Іс-сапарларға шығу:

қарастырылған

Білімі:

Жоғары

Қажетті кәсіптік тәжірибе (ұзақтығы, саласы, т.б.)

Педагогикалық және әкімшілік лауазымдардағы жұмыс өтілі 3-5 жылдан кем емес

 

Кәсіби құзыреттері:

- Командамен жұмыс жасай білу;

- эмоционалды интеллект;

- қарым-қатынас дағдылары;

- басқару дағдылары;

- сұхбаттасу дағдылары;

- нәтижеге бағдарлану;

- мәселені шешу;

- ұйымдастырушылық дағдылары.

Жеке құзыреттері мен қасиеттері:

- білімі мен дағдыларын дамытуға құшатырлығы;

- жауапкершілігі;

- өзін-өзі ұстауы;

- жеке потенциалын жүзеге асыру;

- өзін-өзі жоспарлау.

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (үміткер білуі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ және орыс тілдері. Ағылшын тілін білу құпталады.

Компьютерлік дағдылар:

Тәжірибелі қолданушы: MS Office (Word, Exсel, Power Point, Access, Outlook), Интернетпен (Internet Explorer, Opera, Mozilla Firefox) және электрондық поштамен (Outlook Express) жұмыс істеу дағдылары.

Түйіндемені беру мерзімі:

24 желтоқсан 2021 жыл

Байланыстағы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz