қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
20.12.2021

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос жұмыс орны жабық

 

Бос лауазымның атауы:

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы

Құрылымдық бөлімшенің негізгі функционалдық міндеттері:

- Университетте жастар саясатын жан-жақты жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізеді;

- Комитеттің жұмысын жоспарлайды, оның бөлімшелері жоспарларының орындалуын бақылайды;

- жастар саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін іске асыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

- студенттердің өзін-өзі басқаруын дамытуға, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді;

- университеттің студенттік өзін-өзі басқару жұмысын үйлестіреді;

- белгіленген тәртіппен басқа жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару бөлімшелерімен, жастар ұйымдарымен және жоғары тұрған органдармен, сондай-ақ жастар ісі жөніндегі комитеттермен байланыс жасайды;

- қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық клубтардың, секциялардың, университет үйірмелерінің жұмысын үйлестіреді.

Негізгі лауазымдық міндеттері:

- Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмысын үйлестіреді.

- Студенттердің оқу ғимаратында және жатақханада ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауын ұйымдастырады.

- Университет белсенділерінің тәртібі мен жауапкершілігін күшейту жұмыстарын жүргізеді.

- Студенттік активтің барлық бөлімшелеріне жалпы басшылықты жүзеге асырады (Студенттік өзін-өзі басқару кеңесі).

- Тәрбие жетекшілер және университет әкімшілігімен бірлесе отырып, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

- Жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға, бос уақытын мазмұнды, мәдени өткізуді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

- Дарынды білім алушыларды анықтау мақсатында конкурстар  ұйымдастырады.

- Қаланың барлық мәдениет орындарының өкілдерімен байланыс орнатады, студенттерді мәдени іс-шараларға тартады.

- Жетекші университеттер мен қалалардың жастар ұйымдарымен өзара қарым-қатынас орнатады.

- Үйірмелердің, секциялардың, қызметін үйлестіреді.

- Өз құзыреті шегінде университет жастарына арналған ақпараттық, шығармашылық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша қаланың жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

-Тәрбие жұмысының жылдық және перспективалық жоспарларына жобалар ұсынады.

- Университетте жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жастарға ақпараттық қолдау көрсетеді.

- Жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту.

- Жастар ісі жөніндегі комитеттің атқарған жұмыстары туралы ай сайын есеп береді.

Іс-сапарларға шығу:

қарастырылған

Білімі:

 

жоғары білім

Қажетті кәсіптік тәжірибе (ұзақтығы, саласы  және т.б.)

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының лауазымына толық емес жоғары немесе жоғары білімі бар, қызметтік міндеттерді орындауға қажетті білімі мен дағдысы бар адам тағайындалады.

Кәсіби құзыреттері:

-  Командамен жұмыс жасай білу;

- эмоционалды интеллект;

- қарым-қатынас дағдылары;

- басқару дағдылары;

- сұхбаттасу дағдылары;

- нәтижеге бағдарлану

- мәселені шешу;

- ұйымдастырушылық дағдылары

Жеке құзыреттері мен қасиеттері:

- білімі мен дағдыларын дамытуға құшатырлығы;

- жауапкершілігі;

- өзін-өзі бақылау;

- жеке потенциалын жүзеге асыру;

- өзін-өзі жоспарлау.

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (үміткер білуі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ және орыс тілдері. Ағылшын тілін білу құпталады.

Компьютерлік дағдылар

Тәжірибелі қолданушы: MS Office (Word, Exсel, Power Point, Access, Outlook), Интернетпен (Internet Explorer, Opera, Mozilla Firefox) және электрондық поштамен (Outlook Express) жұмыс істеу дағдылары.

Түйіндемені беру мерзімі:

24 желтоқсан 2021 жыл

Байланыстағы тұлға:

hrteam@abaiuniversity.edu.kz  

Баймухамбетов Еркебулан Кайнарканович