Главная /
Объявления
10.11.2021 Боралдай сақ қорғандары археологиялық кешеніне танымдық экскурсия басталды
Ашық аспан астындағы археологиялық паркке саяхат Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанның Киелі географиясы жобасымен ұйымдастырылып отыр.
Танымдық экспедицияның мақсаты - өскелең ұрпақтың қасиетті орындарға рухани танымдары мен ағартушылық ізденістерін күшейтіп, мамандану қабілеттеріне бейімдеу, аймақтың тамыры терең тарихын насихаттауға арналады.
Боралдай сақ қорғандары - Алматы қаласы бойынша жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген 6 ескерткіштің бірі саналады. Ол қаланың Алатау ауданында, Үлкен Алматы мен Боралдай өзендерінің арасында орналасқан. Сондай-ақ, 47 сақ және үйсін қорғандарынан тұратын археологиялық кешен Алматы аумағында ерте темір ғасырынан сақталған жалғыз ескерткіш.
Ендеше, институт студенттерінің ұлан-ғайыр даланы мекен еткен бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін бірегей нысанның тарихымен танысуға мүмкіндік бар.
Университет студенттері археологиялық нысанға арнайы автобуспен тасымалданады. Орын саны шектеулі! Жүру және кіру ақысы тегін!
Іс-шара барлық карантиндік талаптарды ескере отырып жүзеге асады.
Қосымша ақпаратты +7 747 052 99 04 ватсап нөмірінен алуға болады!
«Рухани жаңғыру» орталығы
|