қазақша · русский · english
 
О нас
 
   Главная / Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы

Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы

Қысқаша өмірбаяны

Симтиков Жомарт Қудайбергенұлы 1967 жылы 10 наурызда Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты селосында өмірге келген. 1974 жылы Айтжан Түркебаев атындағы жалпы білім Таушелек орта мектебіне барып, 1984 жылы Ұзақ Бағаев атындағы орта мектепті бітірді.

1992 жылы Алматы Мемлекеттік Университетінің тарих факультетін үздік бітірген соң, аспирантурада күндізгі бөлімде оқып, Мәскеуде, Санкт-Петербургта, Ташкентте ғылыми тәжірибелік стажировкалардан өтті. 1997 жылы «Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық - саяси және мемлекеттік қызметі (Түркістан кезеңі 1894-1924 ж.ж.)» - тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады.

1997-2006 жылдар аралығында Халықаралық қатынастар факультетінің деканының оқу ісі, тәрбие және ұйымдастыру жөніндегі орынбасары  қызметтерін атқарды.

2006-2009 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Теориялық және қолданбалы  саясаттану кафедрасының, 2009 жылы аталған  Университеттің Теориялық - қолданбалы  саясаттану және әлеметтану кафедрасының меңгерушісі болып қызмет істеді.  2011 жылы Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде «Аймақтану» кафедрасының, Қазақтың Спорт және Туризм Академиясында «Туризм» факультетінің деканы, Абай атындағы  Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Сорбона-Қазақстан институтының «Халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2018 жылдан Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Тарих және құқық институтының «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі.

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университеті

Тарих, қоғамтану, кеңестік құқық негіздері

1992 ж.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Тарих ғылымдарының кандидаты

1995 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Тарих ғылымдарының кандидаты

Гуманитарлық ғылымдар

1995 ж.

Саяси ғылымдарының докторы

Әлеуметтік ғылымдар

2006 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Саясаттану

Әлеуметтану

Әлемдік саяси үрдіс

Геосаясат

Ақпараттық қоғамның әлеуметтік-институционалдық базасы

Әлеуметтік зерттеулердің теориясы

Дипломатия негіздері және дипломатиялық қызмет

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Халықаралық жағдайлар мен қоғамдық саяси процесстерге сараптама жасаумен қатар  Отандық тарих пен түрлі саяси проблемалар бойынша Халықаралық және Республикалық деңгейдегі ғылыми теориялық конференцияларда ашық пікірін айтып, баспасөз беттері мен теледидарға сұхбат беріп, өз көзқарасын білдіріп жүр. 7 монография, 5 оқу құралы және 200-ден астам ғылыми мақалалары алыс жақын шет елдерде жарық көрген. 

 

 

 

 

 


← Вернуться назад