қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
25.02.2025

Ұлттық рухта тәрбие алса, ұлтын сүйетін ұрпақ өседі


2025 жылдың 21 ақпанында «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы мен Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар мектебі және Педагогика және психология факультетінің ұйымдастыруымен ардагер ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері Рыскен Әбішевамен "Ұлттық рухта тәрбие алса, ұлтын сүйетін ұрпақ өседі" тақырыбында танымдық кездесу өтті.

 

Танымдық кездесу Рыскен Әбішеваның кітаптарын таныстырумен басталды. Ардагер ұстаз өз дәрісінде ұлттың болашағы - отбасы тәрбиесінен басталатынын және қоғамдағы жайсыз жайттардың ара-жігін дұрыс ажырата білу керектігін айтып, студенттерді тура жолға, оң бағытқа жүруге шақырды.

 

Кездесу қорытындысында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ғалия Таубаева қонақ жайлы жылы естеліктерімен бөлісіп, ұрпақ болашағы үшін атқарып жүрген жұмысына табыс тіледі. Шара соңында Рыскен Әбішеваға университет Басқарма төрағасы-ректоры атынан гүл шоқтары және естелік сыйлықтар табысталды. Студенттер мен қонақ арасындағы ерекше диалог көрермендерге ерекше эмоция сыйлады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=