қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
14.02.2025

Абай университетінің студенті республика чемпионатында жүлдегер атанды

 

2025 жылдың 12-15 ақпан аралығында Тараз қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатында университетіміздің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Кенесхан Ернар 73 келі салмақ дәрежесінде І орынға ие болды.

 

Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ұйымдастырылған чемпионатта дзюдодан 2005-2007 жылы туған жастар бағын сынады. Олардың арасында 73 келі салмақта өнер көрсеткен Кенесхан Ернар қарсыластарынан басым түсті.

 

Ернар ұлттық турнирлерге белсенді қатысатындықтан, халықаралық аренада сәтті өнер көрсетуге мүмкіндігі бар. Бүгінде ол дзюдода жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған дайындық жүйесінің бір бөлігіне айналып отыр. Оған қоса көптеген сарапшы оны қазақстандық спорттың болашақ жұлдызы деп санайды.

 

Құттықтаймыз!

 

  alt=