қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
21.01.2025

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы қалалық филиалының төрағасы тағайындалды

 

                

 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Алматы қалалық филиалының төрағасы болып Болат Әнапияұлы Тілеп тағайындалды деп хабарлайды newsroom.kz

 

Болат Тілеп - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректоры. Мемлекеттік қызметтерде, білім саласында мол тәжірибесі бар білікті ұйымдастырушы.

 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы өз сөзінде:

 

«Филиал жұмысын одан әрі жандандырып, ана тіліміздің дамуына зор үлес қосады деген сенімдемін», - деді. Ол сондай-ақ ұзақ жылдардан бері филиал қызметін басқарып келген Құсман Шалабаевқа тілімізді өркендету жолындағы атқарған жұмысына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

 

 

24.01.2025

Ақпарат көзі: newsroom.kz