Главная
Новости
28.11.2024 Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы өкілдері Термез мемлекеттік университетінде (Өзбекстан)
2024 жылдың 13-16 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының өкілдері - PhD доктор, аға оқытушы А.Т. Оңғарбаева және ф.ғ.к., аға оқытушы Б.А.Смағұлова жоғары оқу орындары арасында жасалған ынтымақтастық меморандумы негізінде, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Термез мемлекеттік университетіне (Өзбекстан) іссапармен барды. Сапар барысында аға оқытушы А.Т.Оңғарбаева «Лингвистикалық зерттеу әдістері» пәні бойынша «Лингвистика» бағытының магистранттарына, аға оқытушы Б.А.Смағұлова «Қазіргі орыс тілі» пәні бойынша «Филология және тілдерді оқыту» (орыс тілі) бағытының бакалаврларына дәрістер оқыды. Олар сондай-ақ магистранттарға арналған «Лингвистикалық зерттеу әдістері» пәні бойынша «Лингвистика» бағыттарына байланысты ғылыми дәрістер материалдарын талқылады.
|