қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
20.11.2024

«Бір белдеу, бір бағыт: Жібек жолы» бағдарламасы


2024 жылдың 18 қарашасында Чунцин ғылым және технологиялар университетінде (Қытай) «Жібек жолы» жобасы аясында Чунцин халық үкіметі мэрінің орта және жоғары буын шетелдік басшыларына арналған стипендиясы негізінде «Жаңа материалдар» біліктілікті арттыру курстарының ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына Чунцин ғылым және технологиялар университетінің ректоры Чжао Минцзе, проректор Чжоу Сюн, халықаралық білім деканы Ли Хайронг, металлургия және энергетика деканы Дай Цинвэй және ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің өкілдері Олжас Шоқаев, Жандаулет Құдайбергенов қатысты. Делегация өкілдері курстың сәтті аяқталуын тілеп, болашақта бірге жұмыс істеуге ниетті екендіктерін атап өтті.

 

Курс Қазақстаннан келген орта және жоғары деңгейдегі басшыларға арналған. Біліктілікті арттыру курсы 17.11.2024-18.12.2024жж. аралығында жүзеге асырылды. Курсқа Абай атындағы ҚазҰПУ «Химия» кафедрасының оқытушысы Ләйлә Әзілбек және «Химия», «Биология» кафедрасының 2 курс докторанттары Айгүл Баймағамбетова, Жанар Асирбаева, Зухра Мұхамбеталиева, Мадина Кабулова, Нұржамал Жолдасбаева қатысты. Курс нәтижесінде химия кафедрасының оқытушысы мен докторанттары академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуге жолдама алып, біліктілікті арттыру курсына қатысады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=