қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
19.11.2024

«Startup Battle» конкурсы


2024 жылдың 15 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультетінде «6В05301-Химия» мамандығының 4 курс студенттері арасында «Химиялық технология» пәні аясында «Startup Battle» конкурсы өтті. Инновациялық стартап-жобалар байқауының негізгі мақсаты - студенттердің инновациялық ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту. Әрбір жоба химиялық технологияның өзекті мәселелерін шешуге, сондай-ақ экологиялық және экономикалық тиімділікті арттыруға бірегей мүмкіндік берді.

 

Конкурста ұсынылған идеялар, болашақта еліміздің өнеркәсібі мен ғылымының дамуына үлес қосады. Конкурс сонымен қатар сыни талдау, топтық жұмыс және идеяларды ұсыну дағдыларын дамытуға ықпал етті.

 

Конкурс нәтижесінде «Ақылды тыңайтқыштар» атты бірегей инновациялық жобасымен «6В05301-Химия» мамандығының 4 курс 5-ші топтың студенттері жеңімпаз атанды. Жобалар студенттердің сыни ойлауын дамытуға және жаңа технологияларды оқу процесіне біріктіруге ықпал етті. 4 курс студенттері арасындағы конкурсты ұйымдастырушылар - 2 курс магистранттары және химия кафедрасының аға оқытушысы, PhD Асем Узакова.

 

  alt=  

 

  alt=