қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
08.11.2024

Абай  университетінің студенттері екінші пәнаралық онлайн-сабаққа қатысты


2024 жылдың 5 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Үшінші халықаралық білім беру марафоны аясында «Психология әліппесі: студенттен мұғалімге» екінші онлайн-сабағы өтті. Онлайн сабаққа «Педагогика және психология» мамандығының 1(3 ж.) курс студенттері және Самарқан қаласы, Самарқан облысы Педагогикалық шеберлік орталығы біліктілікті арттыру курстардың тыңдаушылары қатысты.

 

Болашақ педагог-психологтар «Қарым-қатынас түрлері» тақырыбында интерактивті дәріс өткізіп, Kahoot, WordWall, LearningUp платформаларында интерактивті жаттығуларды құру және пайдалану ерекшеліктері туралы әңгімеледі.  Сондай-ақ курс тыңдаушылары (орыс тілі мұғалімдері) викториналарға қатысып, дипломдар алды.

 

Бірінші курс студенттері үшін шетелдік мұғалімдермен өзара әрекеттесу және онлайн-сабақтарды өткізу тәжірибесі кәсіби құзыреттіліктер мен топтық жұмыс дағдыларын одан әрі дамыту үшін жақсы негіз болды. Ұсынылған жаттығулар студенттерді оқытудың әртүрлі деңгейлеріне бейімдейді: бұл оларды оқу процесінде әмбебап болуға үйретеді.

 

Марафон ұйымдастырушылары - филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Педагогика және психология факультетінің оқу жұмысы жөніндегі директорының орынбасары Ақжолова Ақтоты және әлеуметтік ғылымдарының магистрі, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Исалиева Сауле, психология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Класс.Зур» жобасының әдіскері Федосенко Екатерина, Самарқан қаласы және Самарқан облысы Педагогикалық шеберлігі орталығының аға оқытушысы Раимкулова Ирина (Өзбекстан).

 

  alt=  

 

  alt=