Главная
Новости
05.11.2024 Ғалымдардың Германияға ғылыми іссапары
2024 жылдың 21 қазаны мен 2 қарашасы аралығында «АР19680449 Аударма сапасын бағалау (ғылыми және оқу салалары)» ғылыми жобасы аясында жоба жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Жұмабекова мен аға ғылыми қызметкер, PhD Айжан Куркимбаева Германияға ғылыми іссапармен барып қайтты.
Жоба қатысушылары аударма саласында дәріс оқитын ғалым-оқытушыларымен, атап айтқанда: Мюнхен Шет тілдері институтының ғалымдары Dr.phil. Katarina Wenzl, Nina Wendt; Дрезден техникалық университеті, Тіл орталығы, орыс тілі кафедрасының меңгерушісі Verena Bardt; Хильдесхайм университетіндегі Медиа мәтіндер және медиааударма бойынша магистрлік бағдарлама жетекшісі PhD Dr Sylvia Jaki, Dr Zahra Samareh, Dr Prof. E. Lapshinova-Koltunski ғалым-оқытушылармен кездесті. Қазақстандық ғалымдар аталған оқытушылардың аударма пәндері бойынша сабақтарына қатысып, оқу және ғылыми салалардағы аударма сапасын бағалау рәсімдерін талқылады.
Сондай-ақ жоғарыда аталған университеттердің ресми өкілдерімен ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша кездесулер өтті.
|