қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
05.11.2024

«Өмір – қымбат сый» тақырыбында профилактикалық дәріс


2024 жылдың 28 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен «Өмір - қымбат сый» тақырыбында жатақхана студенттерімен профилактикалық дәріс өтті.

 

Профилактикалық дәрістің мақсаты - студенттердің психикалық денсаулығын қолдау, суицидтік тәуекелдердің алдын-алу және өмірдің құндылығын бағалауға баулу.

 

Психологиялық қолдау қызметінің мамандары студенттерге суицид, депрессия және басқа да психологиялық қиындықтар туралы және олардың алдын-алу мен күресу жолдары туралы ақпарат беріп, көкейлеріндегі ойландырып жүрген сұрақтарына жауап берді. Дәріс барысында студенттерге қиын кезеңдерде қайда және кімге жүгінуге болатын, сондай-ақ өздерін қолдаудың тиімді әдістерін түсіндірді.

 

«Өмір - қымбат сый» дәрісі өзара сенімді және ашық диалог атмосферасында өтті.

 

Профилактикалық дәріске университетіміздің №1, 2, 3, 8 және 5 жатақханаларынан 200-ден астам студент қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  


Психологиялық қолдау қызметі