қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.10.2024

Абай университетінің қабырғасында Республика күні ұлықталды

 

2024 жылдың 24 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті Жастар ісі жөніндегі бөлімі мен университет факультеттерінің бірлесе ұйымдастыруымен 25 қазан - Республика күніне орай «Мемлекеттік Әнұранды орындау» салтанатты іс-шарасы өтті.

 

Іс-шара тұлға ретінде қалыптасып келе жатқан жастарға Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, оларды патриоттық тәрбиеге, ұлттық құндылықтарымызды, еліміздің рәміздерін қастерлеуге шақыру, ұлттық рухты қалыптастыру, әр жастың санасына туған жеріне деген сүйіспеншілікті ұялату мақсатында ұйымдастырылды.

 

Салтанатты рәсімге Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова, зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Ертай Сұлтан, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақауов, филология ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Фаузия Оразбаева және университет қызметкерлері, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты.

 

Шара барысында Бану Нарбекова жиынға қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, бұл күн - егемен еліміз үшін айрықша мерейлі әрі маңызды екенін атап өтті.

 

Салтанатты іс-шараға жиналған университет басшылығы мен ұстаздар қауымы және белсенді студенттер тәуелсіздігіміздің символы болған көк Туымызды көтеріп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын шырқады.

 

Айта кетейік, «Ұстаздар ұстаханасы» атанған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің барлық оқу ғимараттары мен жатақханаларында мемлекеттік Әнұран бір уақытта шырқалып, тәуелсіздіктің алғашқы қадамы болған Республика күні ұлықталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент